ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі бірлескен мәлімдеме қабылдады

preview_player
Показать описание
Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Ол жайында бүгін Үкімет отырысында айтылды. Еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның 2018 жылдағы макроэкономика мен қаржылық несие саясатының басымдығын халыққа кеңінен түсіндіру жайында. Сала жетекшісінің сөзінше, жүргізіліп жатқан экономикалық саясат биыл елімізде жыл соңына қарай инфляция деңгейін 5-7 пайыз дәлізінде ұстап қалуға мүмкіндік береді. «Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүктеген міндетке сай, 2018 жылы экономиканың дамуына: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес климат жасау, сандық компоненттер мен экономика салаларын және көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары негіз болмақ», – дейді Тимур Сүлейменов.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Бұл ретте азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар бағасының, монополистер қызметі тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеу Үкіметтің жіті бақылауында болады. Сонымен қатар қолдан дефицит жасамауға да көңіл бөлеміз. Биыл бюджеттік саясат экономиканың өсуіне, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті арттыру мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қолдауға бағытталады.
Рекомендации по теме
welcome to shbcf.ru