2022 жылы Қазақстанда 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Qazaq TV

preview_player
Показать описание
Биыл Қазақстанда 400 мыңнан астам балғын алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау аяқталды, деп хабарлады елдің оқу-ағарту министрлігі. Еске салайық, 1 сәуірден басталған науқан төрт ай жалғасты. Салалық ведомствоның мәліметінше, өтініш бергендердің 70% мемлекеттік тілді таңдаған. Бұл ретте, қазақ тілді сыныптарда балаларды барынша қамту Қызылорда, Ұлытау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына тиесілі болды. Ендігі мақсат - мектептер сыныптарды барлық керек-жарақпен жабдықтап, оқу үрдісін талапқа сай ұйымдастыруы керек. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мектепке 6 жастан бастап, сондай-ақ жыл соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Жомарт Қарамбаев, ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары:
– Құжаттарды қабылдау рәсімі толық автоматтандырылған. Ата-аналардың құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі болды. Биыл өтініштердің 80%-тен астамы электронды үлгіде келіп түсті. Бұл орайда айта кету керек, көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушыларының ең көп саны бес облыста тіркелген. Бұл Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды өңірлері. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды республикалық маңызы бар үш қалада бірінші сынып оқушыларының қатары басым.



#ҚАЗАҚСТАН #МЕКТЕП #БАЛАЛАР #1СЫНЫП #НҰРСҰЛТАН #АЛМАТЫ #ҚЫЗЫЛОРДА #ҰЛЫТАУ #МАҢҒЫСТАУ

Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Біздің басты шоуларды көріңіз:

Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.

Смотрите наши топовые шоу:

Watch us on satellite TV, YouTube and social networks. Leave your comments under this video!

Watch our top shows:

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

JibekJolyTV