Менделеевтің кестесі жаңадан төрт элементпен толықты

preview_player
Показать описание
«Ғылым таппай мақтанба!». Ұлы Абайдың сөзі қазір де құнын жоғалтқан жоқ.

Зерттеуші ғалымдардың арқасында Менделеевтің периодтық кестесі жаңадан төрт элементпен толықты. Бұл ақпаратты «Еуроньюс» сайты хабарлаған.

Тарихта тұңғыш рет Азия құрлығының зерттеуші ғалымы жаңа элементтерді ашып отыр.

Жапониялық профессор Морита жылдар бойы тың дүниенің бар екенін дәлелдеумен келеді. Тіпті бұл элементті ғылыми ортада үш мәрте ұсыныпты.

Ғалымның еңбегі еленіп, жаңа элементке «японий» атауы берілді. Химиялық кестеден жаңадан орын тиген 115-ші, 117-ші, 118-ші элементтерге атау беру америка мен орыс ғалымдарына бұйырды. Менделеев кестесі соңғы рет 2011-ші жылы жаңа элементпен толыққанын айта кетейік. Енді кестенің жетінші қатарында бос орын қалған жоқ.
Рекомендации по теме