Зарина Кармен: Енемді қатты жақсы көретінімді түсіндім

preview_player
Показать описание
«Мамский әңгіме» подкастының кезекті қонағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы, екі бүлдіршіннің анасы, аяулы жар – Зарина Кармен. Халық оны көптің көзайымына айнаған өнер иесі ретінде таниды. Алайда, Зарина өмірде қандай? Ол не үшін әлі күнге дейін өкінеді? Ата-анасы ажырасқаны үшін өзгелерден ұялғаны рас па? Қандай келін және енесімен қарым-қатынасы жайлы сұқбат барысында айтып берді.

Создать видео проще, дешевле и быстрее, чем вы думаете. Всего один ресурс объединяет в себе всех специалистов: операторов, монтажеров, колористов и всех, кто готов взяться за ваш проект уже сегодня! Вам не придется искать их самостоятельно - Mlab сделает это за вас. Номер для связи 8776- 988- 39-41.

Подписывайтесь на наш канал - / @momskiy_angime

Дорогие мамы подкаста Mom’sкий әңгіме! Представляем Вам нашу первую линейку «Mom’sкий», в коллаборации с Arté - брендированный и оригинально оформленный органайзер-планер для мамочки, которая хочет всё успевать 😇


Мы сняли для вас подкаст на женские и мамские темы. Главная наша цель - делиться полезными мыслями и мотивировать вас.

Ведущая: Айнур Ильясова / Ainur Ilyassova

Гость:
Зарина Кармен

Редактор
Мадина Дәулетқызы

Визажист
Жоргенбаева Акгуль

Стилист

00:00 Тизер
01:00 Таныстыру
03:00 «Әке-шешем ажырасқаны үшін ұялатынмын»
06:16 «Атам үшін актриса атандым»
13:07 Әкесімен қазір қарым-қатынасы
18:43 Азатпен таныстық
23:09 «Үйлену тойын жасамадық»
27:31 Енесімен қарым-қатынас
34:00 Жүктілік және теріс резус-фактор
38:15 Босану
44:07 Екінші жүктілік
50:50 Өзіңе деген сенімсіздік және күйзеліс
53:20 Первая отрицательная және жаңа образ
59:09 «Танымалдыққа ұмтылған емеспін»
01:12:40 Жобаларға шақырту
01:17:40 Бала адамға не үшін керек?

#заринакармен #заринакарменкурайыш #заринакарменкино #заринакарменфильмы #заринакарменсериалы #заринакарменбиография #заринакарменказыбек #заринакарменмамский #заринакарменподкаст #заринакарменмамскийангиме #заринакарменинтервью #заринакарменмуж #zarinakarmen#роды#отношениямужжена#саморазвитие #самопознание #осознанность #просветление #дети #психологияотношений #Momsкийәңгіме #момскийәңгіме #mamskiyangime #momskiiangime #мамскийангиме #момскийангиме #мамскийподкаст #женскийподкаст #момскийподкаст #momskiypodcast #mamskiypodcast #momskiypodkast #mamskiypodkast #AinurIlyasovа
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Не деген кайф қой бұл құлаққа)) қандай қазақ тілі тұра балдай ғой, сөз жоқ керемет қазақ тілі еркін

Akerke_kamaldin
Автор

Осы бағдарламаға келген адамдардың ішіндегі ең өзіме жағымдысы болды. Талғамы биік, құлаққа жағымды, казақ мәдени элитасының өкілі деп таныдым Зарина Карменді. Қазіргі экраннан түспей жүрген сайқы-мазақтармен салыстыруға мүлдем келмейді. Қазақ өнерінде осындай тұлғалар әлі барына қуанып қалдым❤️

Микаханым
Автор

Бұл шығарылымда тектіліктің иісі аңқып тұрды. Мәдени ляззат алдым!!! Тағы да Тектілік - ол бар немесе жоқ деген пікірге келдім. Бетіңді сату деген түсініктің өзі қандай төмен еді, шіркін! Жеке бренд деп асыра сілтеп жүргендер жетерлік! Өресі биік талантты Тұлға - Зарина Кәрмен! Ризамын, Мақтан тұтамын, Құрметтеймін! Ұлық болсаң, кішік бол деп кетті ғой барша көрермендерге!!! Кейін өікініп қалмайсың ба деген сұрақтың өзі жүргізушінің контекстпен байланысы жоқ екендігін аңғартты. Ұлттық театр - бұл мүлдем деңгейі бөлек алаң, бұл жақта амалын тапсаң, қонышынан бас емес, бұл мүлдем тұңғиық терең дүние. Көп өнер саласының деңгейі жете бермейтін тереңдік, сірә!!!Айызын қандырып, айтып-айтып тастады қонағымыз!!! Әп-бәрекелдіден басқа айтарым жоқ!!! Абыройыңыз асқақтай берсін, Жақсы Адам💗🫶

НургульТагайбекова-хы
Автор

Жүрегімді дір еткізді Зарина Кармен. Үлкен рахмет Зарина Кармен.
Ойы тұшымды, құлағыңның көңіліңнін құрышын қандырып. Әңгімесін тыңдағанда аузына кіріп кетердей күйде отырдым. Өте тамаша. Қазақ тіліміз қандай әдемі, көркем еді.
Мен комментарий дегенді жаза бермейтін адаммын. Мына подкастқа қалдырмасқа болмады. Шынайы жазғым келді. Алғыс сізге. Алланың назарында болыңыз ❤❤❤❤

ЖазираТулегенова-им
Автор

Не деген дикция, не деген шебер сөз саптау, тәрбие, ұстамдылық, білімділік бәрі бір адамның бойында тұнып тұр. Тамаша подкаст болды. Рақмет!

Safiya_kambarova
Автор

Айнұр осы Зарина сияқты тұлғаларды сіздің подкасттарыңызда, жиі көргіміз келеді. Жоғары деңгейдегі подкаст болды, керемет. Актрисаның тіл байлығы, харизмасы, ішкі дүниесінің тереңдігі мықты ❤

vremena
Автор

Зарина ханым қатты ұнайды. Өте қылықты, сондай жылы тұлға😍 ең алғаш бұл кісіні “Үйлену оңай, үй болу қиын”, деген сериялда көргенмін кіттай кезімде. Сол кездегі сүйкімділігі есімде қалып кетіпті, содан кейін “Бір Сен үшін” киносында көріп, тағы бір мәрте өнеріне, сұлулығына тәнті болғанмын. Сол киноның ұнағаны сонша 7, 8 рет айналдырмай, жалықпай көргенмін. Осы сұқбатты көріп, недеген қазақилық, недеген сүйкімділік деп тәнтіі болып қарап отырмын, сондай жылы, сондай керемет адам екендігі көрініп тұр😍 тек сәттілік Зарина ханым нағыз фаворитсіз🫶🏻🫶🏻

Qwertyuioooooooo
Автор

Я не мама, но очень люблю этот подкаст. Айнур ханым цветете с каждым разом ❤

marzhanilyas
Автор

Осы актрисаға ғашықпын ғой 😍 не деген қылықты не деген харизма)))

likewhat
Автор

Осы подкастты қайта қайта көре берем, қатты ұнайды сөйлегендері, эмоциялары 😍😍😍

АидаБөрібекПернебеқызы
Автор

Зарина Карменды жақсы көремін, тұрмысқа шыққан кезінен бастап бақылаймын! Ең үздік, ең қылықты, ең тәрбиелі, өте дұрыс айтты интеллигент актриса🫶🏻

GulnapisBissenova
Автор

Бір деммен көріп шықтым. Өте керемет подкаст болды. Сөйлеген сөзі, өз-өзін ұстауы, ойын ашық жеткізуі бәрі-бәрі жарасымды. ❤❤❤❤

Nusupkanovnasss
Автор

Керемет Қазақстанда осындай актрисалар бар екен гой! Кандай жағымды, сүйкімді, қылықты, жарқын қыз! Тектілігі көрініп тұр. Керемет, таза, тұңық қазақ тілін естіп бір рақаттанып қалдым! Просто браво, тәнтті болдым болмысына

ЕльданаАбенова-мз
Автор

Зарина ханым шынымен қазіргі таңда өмірі құпия өнер адам. Сонысымен қызықты. Қазір бәрі доступно болып кеткенде, осындай тұлғалар орны бөлек. Өз мамандығына, өнеріне ғашық. Ақшаға қызықпайтын, өмірге, өнерге ғашық екенін сездім. Үлкеен ой салды.
Отбасылық өмір туралы "барлығы алған тәрбиеге байланысты" екенін өте дұрыс айтты. Әркімнің өмірі бөлек, тәрбиесі бөлек.💝👍

ЖанарӨмірзақ-ыш
Автор

Мен мама емеспін, тіпті күйеуге де шықпағанмын, алайда Мамский әңгіменің әрбір бөлімін күтіп, соңына дейін қарағанды өте жақсы көремін. Болашақта керек болар деп миыма түртіп жүремін. Айнұр ханымға рахмеет осындай подкаст үшін🫶🏻

Qwertyuioooooooo
Автор

Қазақтың осындай Заринадай Актрисалары болғанына Қуанамын,
Үлкен Сәттілік тілеймін -Отбасыңда, Жұмысыңда, Шығармашылығыңда.
Барлық жерде алда бол.

Гулиира-эй
Автор

Әрбір қыз баласының өзіне тән осындай ерекше шырайы бар!

Тәрбиелік беттен емес болмыстан байқалғанда әдемірек екен, сізге қарап соны түсінемін. Мен сізден тұлғалық ерекшелік көремін, Зарина! Өміріңіз өзіңіз секілді көркем болсын. Көз тоярлық жансыз💞

Asik-ti
Автор

Бір түйген ойым, бір жетістікке жету үшін жақындарыңның саған қаншалықты сеніп қолдау білдіріп түсінуі өте қатты байланысты екен! Қанша тұлға келді барлығы танымал жақсы жетістікке жеткен отбасында да жақсы бір қарым-қатынас орныққан өте сондай бір керемет қарап отырып тамсанып отырмын! Жетістік демекші мен материалдық тұрғыда емес рухани жағын жеткізгім келді, басқаша ойлап қалмаңыздар!!!

Өз балаларыңызға сеніп қолдай жүріңіздерші, әр бала, әр жасөспірім, ересек адам болсын барлығы қолдауға мұқтаж❤️

АйгеримДаулет-бы
Автор

Қосар алдында біраз ойланып қалдым, қосайын ба қоспайын ба деп, қазір тағы екі тілде аралас эфир басталып кетеді ме деп. Не де болса көрейін деп қоссам, бірінші секундтан бастап құлағыма соооондай жағымды болып, бір рахатқа батып кеттім. Күнделікті өмірде өзіміз де екі тілді араластырып сөйлесек те, жасалып жатқан талаай бағдарламаларды сапалы қазақ тілінде тыңдағын келеді.
Зарина керемет актриса, бала кезден махаббатқа бөленгені көрініп тұр, нұрынан жылу, қуаныш шашылып тұр, өмірді барлық кереметімен қабылдап тұрғаны бірден көрініп тұр.
Айнұр ханым, сізге осындай бағдарлама үшін рахмет, өзім үшін біраз заттар үйреніп жатырмын.

moldirzharasova
Автор

Талғамы бөлек, талантты, сұлу, мудрая, қылықты 😍 бәрі бар ғой шіркін! Үй болу қиын деген сериалдан бері білем . Сол кезде өте ұнайтын әлі де бақылап түскен кино программа бәрін қарап жүрем❤ Зарикош жасай беріңіз 🎉

ЖансаяАмангелды-сы
join shbcf.ru