Алматының бас жоспарына қатысты пікірталас әлі де жүріп жатыр

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------

Бүгінгі шығарылымда:
Алматының бас жоспарына қатысты пікірталас әлі де жүріп жатыр. "Стоп застройке" тобының сарапшылары былтыр қабылданған құжатта бірқатар маңызды мәселелер ескерілмеген дейді. Айтуыларынша, жоспарды бекіткен кезде 2002 жылғы қателіктер тағы да қайталанған. Қоғам белсенділердің уәжін әріптесім Диана Тұрлыбек тыңдап қайтты.
Мегаполистің бас жоспары өткен жылдың мамыр айында бекітілсе де қоғам белсенділері арасында қызу талқылануда. "Стоп застройке" сарапшыларының пікірінше, бас жоспарда тек тұрғын үй са­нын көбейтуге басымдық берілген. Халық­ты тұрғын үймен қамтамасыз етеміз деп, шаһар келбетін бұзып алуға болмайды дейді.
ВАСИЛИЙ МАРТЫНОВ, инженер, "STOP ЗАСТРОЙКЕ" тобының мүшесі:
– Алматыдағы бір-бірімен иін тіресіп тұрған үйлердің тығыздығы жер сілкінісі болған жағдайда адамдарды құтқарып қалу мүмкіндігін шектейді. Себебі, үйлердің көптігінен тіпті, құтқару машиналары жүретін жол жоқ. Бас жос­парды қайта да­йындау немесе түзетулер енгізбестен бұрын Төтенше жағдайлар туралы заң қабылдап, қала құрылысына қатыс­ты кейбір талаптарды сол заңға қарап бейімдеуіміз керек деп ойлаймын.
Сондай ақ, сарапшылар қаптаған көлік пен құрылыстан шаһардағы ауа сапасы нашарлап, әсем қала тарихи келбетінен айырылып бара жатқанын айтады. Сондықтан, мамандар қала сыртындағы аймақтарды дамытуға басымдық беріп, түрлі нысандарды сонда салуды ұсынады. Нәтижесінде, күн сайын шаһарға кіретін көлік саны да азайып, ауаның ластануы да төмендейді.
ПАВЕЛ САВРАНЧУК, архитектор, "STOP ЗАСТРОЙКЕ" тобының мүшесі:
– Құжатта қаладағы трамвай жүйесін қалпына келтіру және дамыту мәселесіне қатысты нақты ұстанымның жоқтығы өте қынжылтады. Соңғы жылдары ауа қаншалықты ластанғаны бәрімізге белгілі. Бұл тұста көлікті азайту басты мәселе. Ол үшін менің ойымша, трамвай желісін қайта әкелу керек. Трамвай – әмбебап көлік. Артықшылықтары көп. Қаланың көркі.
Осылайша, белсенділер Алматы қаласының 2023 жылғы 3 мамырда бекітілген бас жоспарына өзгеріс енгізу керек деген ұсыныс білдірді. Қалдағы тарихи орта­лыққа назар аударып, кеңестік кезеңде салынған шағын аудандарды жандандыру керектігін айтады.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Рекомендации по теме