🇰🇿Дархан Зинекешов Бір көш кетіп барады көсемі көп

preview_player
Показать описание
БІР КӨШ КЕТІП БАРАДЫ...

Бір көш кетіп барады, көсемі көп,
Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп,
Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер,
Аларың көп қайтейін, есебің жоқ.

Бір көш кетіп барады, батыры көп,
Балтасы бар батырдың, ақылы жоқ,
Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп,
Мадақ айтқан қасында 'ақыны' көп.

Бір көш кетіп барады, данасы жоқ,
Ілескен жұрт артында панасы жоқ,
Бір бай кетіп барады, кердең-кердең,
Қатыны көп қасында баласы жоқ.

Бір көш кетіп барады, жиғаны көп,
Жұртқа тастап қалғанын симады деп,
Ата-анасын зарлатып, еңіретіп,
Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ.

Бір көш кетіп барады, түйесі көп,
Мына көштің белгісіз иесі жоқ,
Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып,
Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ.

Бір көш кетіп барады, күймесі жоқ,
Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ.
Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз,
Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ.

Бір көш кетіп барады, тілін білмей,
Жаратқанын танымай, дінін білмей.
Бір көш кетіп барады міне осылай,
Бірін білсе өмірде, бірін білмей.

Қолдаса деп бір Алла елімізді
Қалған мұра бабадан жерімізді.
Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ,
Бірлікке төгейікші терімізді!

Орындаған: Дархан Зинекешов🇰🇿
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

ЖАСА ҚАЗАҚ
ЖАС қазақ жас қазақ АҚ ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ Нақ ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ Нақ ҚАЗАҚ 🤲🤲👌♥️♥️♥️

МамишКульжикенова
Автор

Не деген керемет орындау ! Тұлпары қасында, кең дала, дархан далада ән шырқап ! Тыңдайтын құлақ болса 😢😢😢

Мариям-бт
Автор

Жәнібек Әлімханұлы ән айтып кеттіма деп ойлап қалдымғо))))Өнерің өрге жүзсін, бағын жансын бауырым.Әдемі орындадың

ДарханТельман-ущ
Автор

Керемет дауыс карапайым нагыз дауыс..., 😢❤❤❤❤ташкенттен жалынды Салем,

АсилбекИлесов-лг
Автор

Қазақтың мұңы мен намысын жеткізе білген өнеріңіз өз орнын таба берсін!
Алла разы болсын, сізге!

КункияшИбраимова
Автор

Керемет терме. Нағыз қазақтың тексиздеринин болмыстарын жайып жатыр. Амандықта болыңыз, бауырым. Даусын да керемет, санан да қазақи
жанайкайын халықтың шығарып ❤

gylbagila
Автор

Бәрекелді, нағыз таза, әсерлеусіз тамаша дауыс

meiramkylahmedova
Автор

қозыға қарасам концертте отқандай жатырғой ең болмаса әншіні силап отырып тыңдаса боладығой😊!
Алла жасыңды ұзақ қылсын бауырым!

ErkebulanBeisenbekov
Автор

Дархан інім өнерің рүстем болсын домбыраны оңды солды керемет тартасың екенсің даусың керемет

ЫбраймЖолмаганбетов
Автор

Дареке мына термеңе көп рахмет! Бұны тыңдайтын, түсінетін қазақ болса, айтылған сөздер терең ойға қалдырады!

Alex-trfj
Автор

О́то́ ку́чту́у́ терме экен.Аманчылыкта бар болгула, казак туугандар!

АлинаЭрматова-пя
Автор

Дауысыңнан айналдым інім, АЛЛА ЖАР болсын.

amanzholzhamansarin
Автор

Халықтың мұңын анық жеткіздің інім.Алла бағыңды ашсын!

ЖИБЕКАДИЛХАНОВА-ыж
Автор

Казактын. Сенде и. Батырлары
Коп. Болса. Ширкын. Рахмет

Дуйсенбай-вз
Автор

Міне талант міне сері 👍👍👍Алла ғасыр жасауды нәсіп етсін ағасы

МуратКадиров-рщ
Автор

Қошақан мен атың термеге көрік беріп нағыз қазақы болмысыңды толықтырып тұр.

mergazykenzhebekov
Автор

рахмет !!оркенiн оссiн алла омiр берсiн

Armani-uivd
Автор

Абдан сонун керемет!! Кайран жаштыгым эсиие тушту Минскийден салем 🇰🇬

nurdinabdullaev
Автор

Дархан, баурым, керемет, рахмет!!!👍☝️

sagadatsarsenbaev
Автор

Қандай керемет əн жарайсыз аллам қуат берсін сізге

gulnarzhalmu
visit shbcf.ru