Арықтау үшін шәйді қалай ішу керек. Арыктау шай. Шаймен салмақ тастау болады ма? Көк шаймен арықтау

preview_player
Показать описание
Кәдімгі шәймен арықтау туралы естігеніңіз бар ма?

Көк шәй, қара шәй, сүтті шәй болсын, кез келген шәйдің салмаққа жанама әсері бар. Мен өзімнің арықтау ПП Марафонымда қыздарға шәйдан біртіндеп бас тартқан дұрыс екенін түсіндіріп айтамын. Ешкімді мәжбүрлемеймін, тек неліктен бас тартқан дұрыс екенін айтам, болды. Көп адам осыдан кейін саналы түрде шәйдан бас тартқысы келеді. Тіпті өмір бойы қып-қызыл қып, сүтті шәй ішіп жүрген 50-60жастағы апалардың қолынан келіп жатыр. Артынан, ол кісілер ризашылықтарын жаудыртып жатады.

Неліктен шәй жаман? - деп отырған шығарсыз. Ол туралы осы видеода айтылады. Сондықтан міндетті түрде көріңіздер!

Ал, артық салмақтың шәйге қандай қатысы барын айтайын. Біз шәй ішкенде әдетте қалай ішеміз? Өзін ғана ма? Жоқ! Әдетте тамаққа әбден тойып алып, "Ал енді шәй ішейік!" деп жалғастырамыз. Біріншіден, дастарханға қант, варенье, печенья және т.б.қойылады. Яғни, шәй ішкен кезде семіртетін, салмақ қосатын, ең зиянды тағамдар шәймен желінеді.

Екіншіден, тойып тұрған қарынды, одан әрі керіп, шәй ішу асқазанның созылуына әкеледі. Ал созылған асқазанды тамаққа тойдыру барған сайын қиын болады. Үшіншіден көп шәй ішу, тамақпен ішу денсаулыққа жақсы емес.

Егер "Жоқ, шәйсіз өмір сүре алмайм, бірақ арықтағым келеді" десеңіз, оның да ыңғайын таптық. Қалайша, шәй ішіп жүріп-ақ арықтауға болатынын осы видеодан көріңіздер. Оңай орындалатын лайфхак ұсындым.

Негізі, суды ешқандай сусын алмастыра алмайды! Ешқандай! Сондықтан біртіндеп шәйді суға алмастырған жөн.

Сіздер шәйға деп, әдетте қандай тағам түрлерін аласыздар?

Арықтау үшін шәйді қалай ішу керек. Арыктау шай. Шаймен салмақ тастау болады ма? Диета және шай. Арықтау жодары ның бірі.

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Арықтау, дұрыс тамақтану туралы тағы да көп ақпарат болады, иншАлла! Менің осы ютуб каналыма жазылыңыздар! ☝️☝️☝️

Және де осы тақырыпта менің инстаграм парақшамда мүнда жоқ ақпараттар бар, қосылыңыздар

Микаханым
Автор

Мика ханым, өте дұры с айтасыз! Шәймен бірге нан, печенье, тағы басқа да тәттілерді жейміз.
Сол үшін де шәй ішуді қойсам деймін!
Сізге көп рахмет!👍👌😘

madinabeibitova
Автор

Рақмет!Сізге !Керемет пайдалы кеңес бердіңіз.Мен босанғаннан кейін қатты салмақ қосқан едім, енді арықтағым келіп жүргем.Рақмет!!!!

БалқияОрынбек
Автор

Керемет түсінікті өз тілімізде осындай білімді жастарымыздың каналына жолыққаныма қуаныштымын, алла разы болсын сізге. Менде шайды соңғы екі ай көлемінде көп ішпеуге тырысып жүрм, ішкен кезде тек 1-қасық бал қосып ішем, онда да қара шай, лимонмен

СандуғашБаймуканова
Автор

МашаАллаһ өте жақсы түсіндірдіңіз! Аллаһ Тағала разы болсын! Шынында тек су ішіп жүрген кезде, бет те таза болады, асқорыту да жақсы болып жеңіл жүретін едім. Қайта қолға алатын болам иншаАллаһ

zhamila
Автор

Осы аитқаныңыз боиынша мен шәи ішуді азаиттым.қонаққа барғанда рахаттанып қонақпен бірге ішемін ааа былай іздемимізн👍🏻

ПерузаРаманкулова-уэ
Автор

Мика ханым! Түсінікті айттыңыз, рақмет!Артық салмақ бар.Айтқаныңыздай жасауға тырысам.

КенжекүлМахамбетова
Автор

Ой рахмет енди билип журетин боламын мен шаймен тамакты бирге ишемин солай уйренип калганмын енди тамакпен шай ишпеуге тырысамын

ЖаркынайБиназарова-эт
Автор

Сіздің пікіріңізді тыңдадым.ертеңнен бастап қолға алам.шайды печеьнемен ішетін

АдлетАдилбек-эю
Автор

Кушти осы кызды үнеми тыңдаймын рахмет

ЖаксыбикеТуйешиева
Автор

Ассалому Алейкум ото сонун кенеш болду коп коп кенештеризинди алдым супер

nargizakyrgyzbaeva
Автор

Ассалямуаллейкум уа рахматоллахи уа баракатуһ Ма щаа Аллаһ кушті тусіндірдініз👍🌹🌹🌹Мен көк шай ішемін бірак курманы көп жейді екенмін))

РахэльКанатова
Автор

Мен қазіргі кезде шайды азайтып жүрмін. Рахмет.

БахыткульТлекеева
Автор

Керемет тусындыреды екенсиз рахмет сизге.Шыгармашылык табыс тилеймин сизге.

OO-zhex
Автор

Оте керемет сизди унеми тындап журемин сиздин жекенизге жазып акыл кеңес алгым келет

arailymumirgaliyeva
Автор

Оте дурыс айтылган уагыз, угыныкты да адеми тусиникти етип айтады 👍👍👍Мен де косыламын, чайдын зияны коп 🤤Оте дурыс айтып отыр кызымыз 👍👍👍❤️❤️❤️🙏🙏🙏Алла разы болсын 🤲Оразаларыныз кабыл болсын курметти мусулман кауымы 🤲🤲🤲Алхамдуллилах, Елимиз аман, журтымыз тыныш болып, дуниеде журип жаткан индеттен елимизди тазарта гор Аллахым 🤲🤲🤲Алладан баска танир жок, Мухаммед онын елшиси 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️

UserUser-kdkl
Автор

Рахмет сізге, Алла разы болсын!!! керемет

lyazzatabdahmetova
Автор

Рахмет көп-көп, мен шәйді мейізбен ішемін🤗

АжекаАжека-чк
Автор

Керемет неше рет арықтау марафонына қатысып мұндай сөздерді бірінші рет тыңдап отырмын
Керемет екен

varannaran
Автор

Рахмет өте жаксы тусиндирдин мен шайды көп ишпеим бир стакан ишем бир конфет не вареньемен енди соны коям

ЕрболДжолдаров