Варикозға халық емі

preview_player
Показать описание
Варикоз,яғни аяқтағы көктамырдың түйілуі кезінде мына амалдарды жасап көріңіз:
1.Сарымсақ. Сарымсақтың (чеснок) тазартылған тілімдерін ұсақтап кесіңіз. Оны сары маймен 1:2 мөлшерінде араластырыңыз. Дайын қоспаны тамырлары көрініп тұратын жерге жағып, жылы орамалмен орап тастап, ұйықтаңыз. Таңертең аяқты жақсылап жуып, жылы шұлық киіп алыңыз.
2.Қызанақ. 2 жасыл қызанақты (помидор) кесіп, тамырдың үстінен басып, бинтпен орап тастаңыз. Үш сағаттан соң бинтті шешіп, аяқты жылы суда 15 минуттай ұстау керек.
3.Шөпті қоспа. Құрғақ жусанды жылы, қыздырылған сүтпен араластырыңыз. Нәтижесінде паста тектес қоспа болуы керек. Оны аяққа жағып, бинт немесе жылы орамалмен ораңыз.
4.Шөп сусыны. 2 ас қасық ұнтақталған қалақайға су құйып, бір сағат жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Содан соң сусынды сүзіп, күніне үш рет стаканның төрттен бір мөлшерінде ішіп отырыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. 3-5 апта бойы ішіп жүрген соң 10-14 күн демалу керек. Содан соң қайтадан емді жалғастырған жөн. Сонымен қатар майлы, қуырылған тағамнан бас тарту керек.
5.Құлмақ сусыны. Құрғақ құлмақ (хмель) түйініне бір стакан қайнаған су құйып, үш минут баяу отқа қойып, қайнатыңыз. Жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Бұл сусынды үш ай бойы, күнде тамақтан 20 минут бұрын ішу керек.
6.Жұпар жаңғағы. Бірнеше жұпар жаңғағын (мускатный орех) ұн тектес болғанынша ұсақтаңыз. Ол үшін кофетартқышты пайдалануға болады. 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған су құйып, 5-10 минуттан соң 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Тұнбаны бірнеше сағат жылы жерде ұстау керек. Бұл сусынды күніне 3 мезгіл, тамақтануға 20 минут қалғанда стаканның төрттен бір мөлшерінде ішіп тұрыңыз.
Сілтеме: Ауырмаңыз газеті
@shipa_b
00:00 Амандасу
00:28 Сарымсақтың емі
00:47 Қызанақтың емі
01:00 Шөпті (жусан) қоспа
01:14 Шөп сусыны (қалақай/крапива)
01:43 Құлмақ (хмель) сусыны
02:00 Жұпар жаңғағы (мускатный орех)
02:28 Қорытынды
варикоз,варикозды үй жағдайында емдеу,варикозға халық емі,варикозга ем казакша,варикозды емдеу,варикозды емдеу жолдары,варикоздың емі,варикозды кантооп емдеуге,варикозды кантооп емдеуге болооды,варикоз на ногах,лечение варикоза,варикозға қандай ем бар,варикозды сарымсақпен емдеу,варикозды қызанақпен емдеу,Varikozni davolash,Varicosis дарылоо,варикозду кантип дарылоо керек,варикоз емі,варикоз на ногах лечение,варикоз емдеу,варикоз емдеу қазақша
Рекомендации по теме