filmov
tv
1 наурыз - Алғыс айту күні
Показать описание
Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын Н. Назарбаев Ассамблея сессиясында.
Айтулы күн аясында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Ізгілік елшілері» қоғамдық ұйымы Ақсу ауылы тұрғындарымен жүздесіп, мерекелік күнде алғыс білдіргісі келген жандарға ізгі ниеттерін, жүрекжарды лебіздерін видео арқылы көпшілікке жеткізіп, игі істі қолға алды.