1-наурыз алғыс айту күні!

preview_player
Показать описание
Бұл мерекенің астарында талай тарих жатыр. Сонау қиын-қыстау заманда қазақ даласы өз елдерінен шарасыз түрде кетуге мәжбүр болған талай жұрттың құтты қонысына айналған-ды. Сол кезде қолда барын бөліп беріп, панасызға пана болған қазақ халқына алғыс білдіретін өзге ұлт өкілдерінің қарасы қалың. Сондай жандардың бірі – Гертруда Платайс. Тағдырдың тәлкегімен «Халық жауларының» әйелдеріне арналған Ақмола лагеріне тұтқынға түскен бейкүнә әйел жергілікті қазақтардың тұтқындарға қалай қамқорлық танытқанын ешқашан естен шығармайды. Боранды күні өзен жағасынан қамыс орып жүрген әйелдерді мазақ қылып, оларға қарай тас лақтырып жүрген қазақ балаларын көргенде, кеудесін ыза кернеп, жүрегі қанжылаған. Кейін ол күзетшілер біліп қоймасын деп жасырын түрде тасқа балап лақтырылған құрт екенін білгенде, бар ызасы рақымға айналған. Тарихта қалған осындай игі істер бүгінгі мерекенің қалыптасуына себеп болса керек.
_______________________________________________________________________________
BAQ.kz. Басты ақпарат құралы.

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:

#baqkz #қазақстанжаңалықтары #1наурыз #алғысайтукүні #мыңалғыс #мереке #алғыс
Рекомендации по теме