ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ «АШЫҚ ӘКІМДІК» АЛАҢЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

preview_player
Показать описание
Түркістан қаласында «Ашық әкімдік» кеңсесінің тұсауы кесіліп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн форматта бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Шараға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Айбек Шілманов және облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. «Ашық әкімдік» мақсаты - халыққа қалтқысыз қызмет ету. Мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру. Осылайша өңір тұрғындары алдын-ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілді мәселелерін көтере алады.
Рекомендации по теме