filmov
tv
Жер телімін алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Показать описание
Алматы қаласында тағы бір алаяқ қолға түсті. Ол өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, адамдарға жер телімдерін алып беруге уәде еткен. Әрине, тегін емес. Енді жер тұрмақ мыңдаған доллар ақшасынан айырылғанын кеш ұққан азаматтар амалсыздан полицияға жүгінуге мәжбүр.
31 жастағы Асқар Сағымбеков қазір Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы облысының тумасы жер телімдерін Талғар ауданынан алып беремін деп уәде берген көрінеді.
Алданып қалып, полицияға арыз жазғандардың саны бүгінде 23 адамға жетіп отыр. Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек күдіктінің 100 мың долларға залал келтіргенін айтады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
-Ол өз кінәсін мойындап отыр. Бірақ ол: «7-ақ факті бойынша қатысым бар», – дейді. Барлық фактілер бойынша алдын ала тергеу амалдары және соталды тергеу ісі жалғасу үстінде.
Полиция қызметкерлері осы азаматтан зардап шеккендер болса Алатау аудандық Ішкі істер басқармасына хабарласуын сұрайды. Егер күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Геннадий Лукин