“Тараз сервис және технология” колледжі / “Туризм” мамандығы. Сабақ тақырыбы:“Туристік өнім маркасы”

preview_player
Показать описание
Тараз сервис және технология колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ 30– дәріс.
Туристік өнім маркасы
( сабақ тақырыбы)

Модуль/пән атауы Туризмдегі маркетинг

Дайындаған педагог-модератор Ералиева М.Ғ.

1. Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ Т-20-1,3 курс

Сабақ типі : Аралас сабақ
Білім алушылардың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен икемділігі:

1) Туристік өнім туралы жалпы мәлеметтерді білу;
2) Туристік өнім маркасының түрлерімен танысу;
3) Марка түрлерінің түрлерінің негізгі жіктелуін білу.
4) Кез келген фирманың маркалық атауының мақсаттары мен шарттарын білу.
5) Маркаға қатысты заңдылық құжат түрлерін білу.

2. Мақсаты, міндеттер
- Марканың түрлерін білу, және олардың жалпы сапасымен шығу тарихын анықтау , танысу.
- Жалпы әлемдік маркалар түрлерін бөліп қарастыру;
- Алған білімдерін тәжірибеде қолдануына және эстетикалық талғам жасай білуіне жағдай туғызу
- Тақырыптың мазмұнын ашу, идеясын талдау, жүйелеу.
-
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :
• Сабақты түсіну
• Марканың қызметті тану
• Лекциялық материалмен жұмыс жасай білу.
• Топпен жұмыс істей білу.
• Логикалық ойлау.
• Қосымша ақпараттармен таныс болу

3. Сабақты жабдықтау
• Лекциялық материал.
• Презентация.
• Тірек сөздер
• Интерактивтік панелі.
• Қосымша суреттер
• Жаңа технологиялық ойындар
• Тапсырма түрлері.

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

• Интернет ресурс
• Үмбеталиев А. Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кіспкерлік - Алматы: «Бастау» 2002 ж
• Нысанбаев С. Н. Маркетинг негіздері - Алматы. 2003 ж
• Шаекина Ж. М., Қойтанова Ə. Ж. Туризм маркетингі: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір»

3.2 Техникалық құралдар, материалдар
• Презентация.

• Интерактивтік панель

4. Сабақтың барысы
1. Студенттермен амандасу;
2. Студенттерді түгендеу;
3. Сергіту сәті «Менің есімім және ассоциациялық хобби» студенттердің амандасуы;
4. Өткен сабақта алған білімін бекіту;
5. Сұрақтарға жауап беру;
6. «4 сурет 1 сөз» әдісі арқылы жаңа тақырыппен байланыс;
7. Жаңа тақырыпты тыңдау;
8. «Күн жүйесі» ойыны;
9. «Жылдам фото» ойыны;
10. Топ бойынша тапсырманы орындау;
11. Орындаған тапсырманың сапасын тексеру.
12. Конспект жазу;
13. Өндірістік оқыту сабағында тереңдетілген мәліметтермен орындау;
14. Сабақты қорытындылау;
15. Рефлексия

№ 30– дәріс.
Туристік өнім маркасы
Нарықта табысқа жетуде маңызды рөл атқаратын фирмалық стильді жасау маңызды болып табылады. Ол фирмалық тауарлар мен қызметтерді айрықша көрсету үшін қолданады. Фирмалық стиль – тауарлар мен қызметтердің сыртқы келбеті мен мағыналық бірлігін қамтамасыз ететін түстік, графикалық, сөздік, баспалық, дизайнерлік тұрақты элементтерінің жəне фирманың шығатын басқа да ақпараттарының жиынтығы.

Фирмалық стильдің негізгі элементтері:
- тауар белгісі;
Тауар белгісі – сөзбен, əрiппен, сөздер жəне əрiптер тобымен, символмен, суретпен немесе ерекше түспен берiлетiн, тауарларды басқалардан айыру үшiн тағайындаған жəне тауар өндiрушiнi нұсқайтын белгiлi бiр тəртiппен тiркелген белгi. Тауарлық белгі жоғары маңыздылыққа ие, өйткені ол нақты тауар тұтынушысына қатты əсер етеді. Ол – құқықтық қорғалған тауар маркасының белгiлену нұсқасы. Марканы қорғау ереже бойыншы оны тiркеу негiзiнде жүргiзiледi. Тiркелген тауар белгiсiне қоршалған R əрпi қойылады .

- фирмалық шрифттік жазу (логотип);
Фирмалық шрифттік жазу (логотип) – берілген фирманың, топтың, фирма өнімінің немесе нақты бір өнімнің ерекше айтылуы немесе қысқаша атауы. Шамамен бес тауар белгісінің төртеуі логотип формасында тіркеледі.
Фирмалық шрифттік жазу (логотип) – берілген фирманың, топтың, фирма өнімінің немесе нақты бір өнімнің ерекше айтылуы немесе қысқаша атауы. Шамамен бес тауар белгісінің төртеуі логотип формасында тіркеледі.

- фирмалық блок;
Фирмалық блок – фирмалық стильдің бірнеше элементтерінің жиі қолданылатын дəстүрлі компоненттері. Көп жағдайларда – бұл бейнеленген тауар белгісі мен логотип. Мысалы, «Traham Travel»,(«Трэм туризмі бюросы») виза алған кезде қойылатын мөрмен бейнеленген. Паспорты бар жəне шетелге саяхатқа шыққан кез келген турист бұл фирма туралы шытырман оқиғалар мен жаңа əсерлерді қалыптастырады.
Фирмалық блокқа фирманың ресми толық атауы, оның пошталық жəне банктік реквизиттері, кейбір уақытта блокқа фирмалық лозунгте енеді.
- фирмалық лозунг (ұран);
Фирмалық лозунг – фирмамен жиі қолданылатын ерекше ұран.
Кейбіреулері тауар белгісі сияқты тіркеледі.
- фирмалық түс;
Фирмалық түс – фирмалық стильдің маңызды элементі болыптабылады.Түс фирмалық стильді ерекшелендіреді, есте жақсы қалдырады. Мысал ретінде «Макдональдс» мейрамханалар желісінің фирмалық түстерін атауға болады, яғни қызыл мен сары.

5. Сабақ бойынша рефлексия «Менің эмоция!»

6. Үй тапсырмасы:Тараз қаласындағы тарихи кешендерге логотитіктікжарнама дайындау.
Рекомендации по теме