filmov
tv
Оның басым көпшілігінде Кетбұға тұлғасы, аңызға айналған
Показать описание
атақты күйші ретінде ғана сипатталады. Батырлық, жауынгерлік ерліктері жайында аз айтылады. Осыған қарағанда, қазақ халқы Кетбұғаны әлі күнге дейін толық танымағаны анық.
Кетбұға қазақ ұлтының тарихында болған адам. Ол XIII ғасырдағы ірі тарихи тұлғалардың бірі. Тарихи атақты тұлға – Шыңғысхан дәуіріндегі әскери қайраткер, ірі мемлекет адамы, ірі қолбасшы әрі қайтпас батыр ретінде танылған.
Кетбұғаның аты тарихи деректерде, жазба естеліктерде көп жерде кездеседі.
«Дала императорлығы» деген кітапта: «Кетбұға түрік текті найман руынан шыққан аса ірі тұлғалардың бірі. Ол Шыңғысханның сүйікті немерелерінің бірі Құлағу ханның ең жоғары әскери қолбасшыларының бірі болған. Шыңғысхан ұрпақтарының батысқа жасаған жорығында көзге түскен дара әскери қолбасшы, құдіретті батыр. 1259 жылы тамыздың 11-күні моңғолдардың ең жоғарғы қағаны Мөңке қайтыс болады. Құлағу моңғол әскерлерін бастап, батыстағы соғыс шебінен шығысқа қайтады. Сол кезде, Сурия мен Палестин жерін қорғап тұруға, қасына 30 мың әскер беріп, Кетбұғаны қолбасшы етіп қалдырады» деп жазады.Осы деректен-ақ Кетбұғаның қандай жаужүрек батыр болғанын білеміз.
Тарихи деректердің бірсыпырасында Кетбұға Парсы елін талқандап, Иерусалим мен теңіз жағалауындағы қалаларды басып алып, Египетке жорыққа аттанған дегенді айтады. Арабтардың халифасын тақтан тайдырып, жоғарыдағы деректе келтірілген Сурия мен Палестина қалаларын басып алған. Ақыры өзі Палестин елінің Айн-Джалут деген жерінде соғыста қаза болған.
Кетбұға бабамыздың батырлық ерліктері туралы естелікті «Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасында тыңдасаңыздар болады. Толығырақ төмендегі сілтемеде