#moodпоэзия #аудиопоэзия Фариза Оңғарсынова 'Мен сізді ұнатамын'

preview_player
Показать описание
"Moodпоэзия" - поэзиялық көңіл-күй. Әдебиет порталының айтулы жобаларының бірі. Жақсы ақынның жақсы өлеңін елге белгілі азаматтардың оқуында ұсынамыз. Бүгінгі автор - Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова, бүгінгі өлең - "Мен сізді ұнатамын", қонағымыз - белгілі журналист, Орда FM радиосының жүргізушісі Майра Төлепберген.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мен сізді ұнатамын.
Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым.
Жалғыз арман жанымды жайлап алып,
сенделемін, үмітпен бүр атамын.
Түк еместей әлемдік айыптаулар,
не ұмтылған асқарым - жыр, атағым.
Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен
біреулерді өксітіп жылатарым,
не өзімді даңқтың тұғырынан
мүмкін тіпті біржола құлатарым.
Жанса бағым,
бәріне де дайынмын - қарсы аламын,
қарсы аламын үзіліп қалса да әнім -
біреулердің қүңкілін, жазғыруын,
мысқылы мен өсегін - баршаларын.
Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана
сәтімізге қауышар, аңсағаным,
бірге жұтар ләззатты таң самалын.
Жырлап өтем,
белді будым алдағы сынға бекем,
арпалысам, асудан-мұңнан өтем.
Сізге жетер жолымда кешем бәрін.
мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.
Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер -
жайбарақат тірліктің құндағы екен.
Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,
сезіміңнің жолында құрбан етем!

НазеркеСапарбек-дг
Автор

Керемет!!!👏👏👏
Əдемі оқылды!!!
Тағы осындай өлеңдер оқылса...
Күтеміз.

andomando
Автор

Керемет оқыды және күтем даус өтте күшті .👏👏👏👏

ГаппорБухарбаев