filmov
tv
ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Показать описание
Мемлекет басшысына Шымкенттің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
Ғабит Сыздықбеков:
жыл басынан қалаға тартылған инвестиция көлемі 26 пайызға артып,
724,3 млрд теңгені құрады;
2023 жылы 1миллион 84 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мегаполис болғалы бюджет көлемі 4,5 есеге артып, 656 млрд теңгені
құрады.
Өзіндік кірістер көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 72 млрд теңгеден 343 млрд теңгеге өсті.
Өндіріс алаңдарын кеңейту мақсатында:
• 867 гектарды құрайтын 5 өндірістік аймақ құру жұмыстары қолға алынды;
• «Alarko Holding» түрік компаниясымен елімізде аумағы жағынан ең үлкен
500 га жерге заманауи жылыжай кешенін құру жұмыстары басталды;
Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты мәлімет берді:
• зейнет жасындағы ардагерлерді сауықтыру мақсатында «Ізетті зейнеткер»
сауықтыру орталығы ашылды;
• соңғы үш жылда 66 мың орындық 101 мектеп пайдалануға берілді. Оның
80%-ы жеке инвестор есебінен салынған;
• 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілді;
• «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18
мектеп салу жұмыстары басталды;
• халықаралық деңгейде мәдени іс-шаралар өткізетін заманауи Конгресс
холлдың құрылысы аяқталды;
• спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Үстел теннисі спорт кешені»
және «Жаңа ипподром» пайдалануға берілді;
Денсаулық сақтау саласында қаламызда алғаш рет нейростимулятор отасы
және жүрек трансплантациясы жасалды.
Жол-көлік инфрақұрылымының дамуы туралы баяндады:
• қаладағы 254 нысан немесе 233 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу
жұмыстары жүргізілді;
• қала орталығындағы үлкен жолайрық пайдалануға берілді.
Мемлекет меншігіне нысандарды қайтару туралы айтты:
• ұзақ жылдар бойы шешімін таппай, қараусыз қалған бұрынғы
«Фосфоршылар сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды;
• қала орталығындағы «Спутник» гүлзары мемлекет меншігіне қайтарылып,
демеушілер есебінен қайта салынды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде:
• жалпы қылмыстардың саны 33 пайызға азайды;
• биылғы жылы 3 000 бейнебақылау камерасы орнатылады;
• қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 1 000-ға жуық
көше жарықтандырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру,
инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту
жөнінде нақты тапсырмалар берді.