Madina Sadvakasova - Түнгі Терезе | Lyric Video

preview_player
Показать описание
Түнгі Терезе | Lyric Video

Ән барлық музыкалық платформаларда:

__

Мадина Садвақасова - Түнгі Терезе

Әні: Ерхан Алданазаров
Сөзі: Али Абығалық

Аспаннан жауды сезім ақ қардай,
Арайлы ақ таңдай
Жүрегің пәк қандай?!
Ақ мамық сезім құшсаң бақ қандай?!
Сыр айтып терезем
Сен келе жатқандай.

Білемін сен де мені сағындың
Түн аңсап жаның жүр.
Тұр аңсап бағың гүл.
Кіршіксіз махаббаты жанымның,
Мен сені сағындым,
Мен сені сағындым.

Түнгі терезеден,
Сені келер деумен,
Жолдарына қарап, күттім қаланың.
Түнгі терезеден,
Іздеп елеңдеумен,
Жаутаңдайды саған ғашық жанарым!

Жалғайды өзіңді ойлап түнді күн,
Сағыныш басуға
Жетпейді бір ғұмыр.
Жанымда мәңгі күліп жүр күнім
Бақытты жандармыз,
Іздеген бір-бірін.

Сағынған бейнесіндей Күн -Айдың,
Қос жүрек тулайды,
Махаббат құрайды.
Үздіксіз күтеді екен бұлай кім?!
Ал маған өзіңді
Сағынған ұнайды!

___

___

#мадинасадвакасова #түнгітерезе
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Күшті ән екен. Жүрекке жетті😢 Бір тыңдап едім қайта, қайта тыңдай бергің келеді. Машинада тыңдасаң тіпті кайф.

sankibaev
Автор

Я из Казахстана мне очень нравится это музыка супер певица 🎉🎉🎉

wamil_
Автор

Салематсызба Мадинаханым сіздің барлық әндердің ұнайды Алла тағала барлық әлемдегі жақсылықтарды нәсіп етсін. Актаудан

КурбанбайИсатаев
Автор

Молодец, что начала работать и продвигать свой имидж.. Это надо делать всю жизнь, без остановки и выходных...
Желаю успехов искренне !

РашидРисдаулетов-ке
Автор

Әли жаным, бауырым, қаламың ұштана берсін! ❤

АйгеримИбраева-сг
Автор

АЛЛАМ СЕНІ САҚТАСЫН
ӘРҚАШАН ОСЫНДАЙ ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ ҚЫЗЫ БОЛЫП ЖҰР ҰЗАҒЫНАН, БАҚЫТТЫ БОЛ ЖАНЫМ СОЛ КРАСАВИЦА❤❤❤

gulsimsarsenbaeva
Автор

Мадина өзіңде әндерінде әдемі бақытты бол

NurbekKrykbaev
Автор

Адеми шыгыпты 😍👍 тагы осындай андер шыгаршы

aknazarabubakirov
Автор

Түннің жарық күнің күліп басың нан бақ қонған қазақтың аруы мадйна

mlsl
Автор

Әннің бастапқы музыкасы керемет, ерекше.

НурлыкызЕлтаева
Автор

Менинде кызым сиздиге кызыгады ❤жаксы коред

Miras_Elaman
Автор

Parabéns, Madina! Que as janelas do sucesso se abram para você! 👏🇧🇷🌹🇧🇷

MBDenis