СҚО-да археологтар сәбидің сүйегін тапты

preview_player
Показать описание
Солтүстік Қазақстан облысында «Киелі жерлер» картасына енген «Ботай қонысынан» археологтар сәбидің сүйегін тапты.

Алдын ала болжам бойынша бұл осыдан 6 мың жыл бұрын туған нәресте болуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген экспедиция мүшелері ботайлықтар бие байлап, қымыз сапырғанын растап отыр.

Дала өркениетінің бастауы болған тұрақ – «Ботай қонысы». Археологтар 6 мың жылдан кейін, төрт түліктің төресі жылқының алғаш рет осы жерде қолға үйретілгенін дәлелдеді. Мұны әлем ғалымдары да мойындап отыр.

Киелі мекенді 1981 жылы солтүстікқазақстандық археолог Виктор Зайберт ашты. Содан бері білікті профессор осы жерде зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Нәтижесінде талай жәдігерлерді жарыққа шығарды.

Виктор Зайберт, археолог:

– «Ботайды» – жаңа дәуірдің бастауы деуге толықтай негіз бар. Бұл ат-көлік қозғалысының дамығын кезеңі. Мәселен осы уақытта адамдардың ақпарат алмасуы 25 шақырымға дейін артқан. Энеолит дәуіріне жататын «Ботай қонысының» жалпы аумағы – 20 гектар. Биылғы қазба жұмыстары кезінде археологтар бұл жерден 2000-нан астам зат тапқан екен. Олардың қатарында сәбидің сүйегі де бар.

Алла Каштанова, оқушы:

– Сәбидің сүйегін ағам тапты. Бәріміз қуандық. Былтыр да бір адамның жерленген жеріне тап болған едік. Мен үшін «Ботайдың» орны бөлек. Қазба жұмыстарына шықпай қалсам, сағынамын. Үйреніп қалдым. Болашақта археолог болуым мүмкін.

«Ботай» мәдениетіне шетелдіктер де қызығушылық танытуда. Мәселен, былтыр Канаданың әйгілі компанияларының бірі жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынас жайлы деректі фильм түсірді. Енді ол 2019 жылы қазақстандық көрерменге көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Авторлары: С.Қайырденұлы, А.Айтмұханбетұлы, Т. Иманов, Д.Рура
Рекомендации по теме
welcome to shbcf.ru