Жапония Туралы Өте Қызықты Мәліметтер

preview_player
Показать описание
Армысыздар, қадірлі жерлестер!
Жапония еш асырып мақтау айтпай-ақ, өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар, дәстүрлерін заман көшінен оздырмаса, қалдырмай жарастырған ел екені даусыз.

Бүгін сіздерге Жапония жайында ең қызықты фактілермен бөлісеміз.
1) Жапондар өз ана тілдерінде бір-екі ауыз сөз айта алған адамды аса қатты құрметтейді. Өйткені олар бұл тілді үйрену еш мүмкін емес деп санайды.

Ал, Жапон тіліндегі тілдейтін, ең ауыр қарғыс сөз «ақымақ» және «жарымас» деген сияқты сөздер.
2) Жапондықтар үнемі тамақ туралы әңгіме айтқанды жөн көреді, әсіресе, тамақтануға отырған кезде өздеріне астың қалай ұнағанын үнемі ортаға салады. Кешкі асты ішіп отырып бірнеше рет «өте дәмді» деп айтпау — өте мәдениетсіздік болар еді.

3) Жапонияда шайпұл беру мүлдем жөн саналмайды. Клиент қызметтің белгіленген бағасын төлеп тұрған кезінде, сатушымен тең дәрежеде тұрады деп саналады. Ал егер сіз алда-жалда біздегідей шайпұл тастап кеткен болсаңыз, онда ол өзіңізге жасалған қызметке көңіліңіздің толмағанын яки қызметкерді кемсіткеніңіз болып саналар еді.
4) Әрбір екінші жапон суретті керемет сала алады және әнді де жақсы орындайды. Бір жағынан, бұл балаларды тәрбиелеу жүйесінің нәтижесі – оларды алдымен сурет салуға және ән сала білуге үйретеді, содан кейін барып сөйлеу мен жаза білуге баулиды.

5) Токио қаласы – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Токиода жүрудің қауіпсіз болғаны соншалықты, алты жасар балалар қоғамдық көлікте жеке өздері жүре береді.

6) Жапонияда келісім жасы – 13 жас. Бұл осы айтылған жасқа жеткендегі ерікті жыныстық қатынас зорлауға жатпайтынын білдіреді.

7) Барлық үйлерде, көптеген ауруханаларда, мейрамханалардың көбінде және кейбір кеңселерде аяқ киімді шешу керек. Сондықтан да нәски әрдайым бүтін болғаны дұрыс.
Видео ұнады ма? Ұнаса лайк басып, каналға жазыламыз. Тағы да жапондықтар жайында білгілеріңіз келсе, комментке жазыңыздар! Амандықта жолығайық!

Сілтеме:
Рекомендации по теме