Ұмыт қалған ауыл. Тұрғындар интернет іздеп тау-тас аралауға мәжбүр

preview_player
Показать описание
Ертеректе адамдар аң аулау үшін тау-тас аралап кетуші еді, бүгінгінің оқушылары интернет ұстайтын жер іздеп дала кезіп жүр. Түркістан қаласынан отыз шақырым жердегі Шоқтас ауылының халқы балаларымыз сабақ оқуы үшін көшеге шығып, тау-тасты кезіп кетеді дейді. Өйткені ғаламтор желісі тартылмаған. Шоқтастықтар интернет түгілі қоңырау шалу үшін көліктерімен тауға шығады екен.
Кентауға қарасты Шоқтас ауылында елуге жуық үй бар. Төрт жылдық мектепті бітірген балаларымызды амалсыз қалаға апарамыз дейді. Қазір ол жақта да қашықтан оқыту екен. Ауылда жүрген балалар да сабақ оқуды қойған. Өйткені ауылда интернет жоқ.
ҚУАНЫШ ЖАҚЫПБЕКОВ, Кентау қаласы Шоқтас ауылының тұрғыны:
– Қыр бар, соны жағалап кетеміз. Оның несін жасырамыз. Сеть ұстамайды біріншіден. Ол үшін қырдың төбесіне шығамыз, Құдайға жазып. Кімде мысалы, екі-үш үйде ғана машина бар, соған мініп. Скорыйымыз да сол машиналар.
АЯЖАН МАҚҰЛБЕКОВА, Кентау қаласы Шоқтас ауылының тұрғыны:
– Дәл қазіргі уақытта онлайн болған соң балалардың барлығы ауылда. Сабақ оқитын сеть ұстамайды. Көше аралап, қырлардың үстінде жүреміз. Интернетпен тоқсан пайызға қамтылды дегеннің барлығы өтірік және жалған.
Билік Кентаудың он екі ауылдық округіндегі 35 елдімекен интернет желісімен қамтылған деді. Тек шалғайдағы жекелеген ауылдарға ғана жетпеді деп отыр. Байланыс операторымен жұмыс жүргізілуде дейді.
ЖАННА ӘЛІМБАЕВА, Кентау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
– Ал мына сіздер атап отырған Шоқтас ауылында оптикалық интернет желісін орнатуға ұсыныс хаты жолданған. Алдағы уақытта оның шешімі табылады деген ойдамыз.

Алайда әкімдік мамандары интернет желісі орнатылатын нақты мерзімдерді атамады.

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#онлайн_оқу #интернет #4G
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Шоқ болып шоқ жұлдыздай Шоктасым тұр,
Хабар жоқ интернет жоқ отбасым тұр.
Жоғарыда ағаларга бар жәрдем бер деп,
Ошағының басында ана топтасып тұр.
Талай жақсы жайсандар шықты ауылдан,
Чемпион да, ғалым да, шықты адамдар.
Бірақ сол ауыл қалад ескерместен,
Ауылға көмек беріп мақтаныңдар.
Ауылды колдайык ағалар

КенТау-др
Автор

Аллаа сактасын Африка мемлекетіде біізден жаксыыы біз қаи ғасырда өмір сүріп жатырмыз өзіі

ШолпанМатекова-св
Автор

Не паникуйте ! Казахстан в 30 развитых стран!

charcoalcontains
Автор

Тек интернет емес. Біздегі мәселе үлкен. Жол, су, мектеп.

ayzhanmakulbekova
Автор

Тараз қаласының түбіндегі ауылдардада жоққой интернет

Қазақ-юе
Автор

Могущественная династия Цинь просуществовала всего пятнадцать лет (до н. э. 221 — 207) прежде, чем она рухнула из-за многочисленных восстаний. Китайские историки считают, что его безжалостные методы правления и непосильные НАЛОГИ стали основной причиной падения империи.

abuhadidja
Автор

Танкалатын ештене жок.бундай ауылдар толып жатыр.тагы бир 30жыл уйыктайык

kzkz
Автор

Жамбыл облысының көп жерлерінде интернет жоқ оны неге айтпайсың дар уйыктап жатабериндер

СерикМедеуов-эя
Автор

Ауылға жаны ашитын әкім қашан сайланар екен

Жансулу-лэ
Автор

ДУРЫС АЙТАСЫЗ АДАМДАР!!! АУЛДА ЖУМЫС ЖОК ...МЕКТЕПТЕР ЖОК... ЕШТЕНКЕ ЖОК... ПУСТЬ АКИМАТСКИЕ ПРОЕДУТСЯ ПО ДЕРЕВНЯМ ПО АУЛАМ ОБЛАСТЕЙ...

ЛеняРыбак-фл
Автор

Дау дамайсыз шақырсаңыздар шешіп береді интернет желісі н

Molya
Автор

ҚҰДАЙҒА ШҮКІР,
, ОЗЫҚ ДЕГЕН 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРДІК.
ЕНДІ 2050 ЖЫЛЫ ШЕТІМІЗДЕН БАРЫС БОЛАМЫЗ.

kazakhalem