filmov
tv
Сынаққа деген көзқарасың өзгереді
Показать описание
Сабырлық – ол бойында көркем мінез және жүрегінде иманы бар адамның негізгі сипаты. Өмірде түрлі қиыншылықтарға тап болған адамға өз-өзін ұстай білуі әрине оңай іс емес, сондықтан болар сабыр етушіге берілетін сыйы мен оның алатын сауабының мөлшері көрген қиындықтарына сәйкес көбейе түседі екен.
Сабыр етушілер жайында қасиетті Құранда өте жиі айтылады. Имам Ахмад:
«Сабырлықтың құндылығы жайлы Құранда тоқсан мәрте атап өтіледі»,-дейді. Сол аяттардың бірінде Алла Тағала:
إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
«Расында, Алла сабыр етушілермен бірге» ("Бақара сүресі", 153-аят).
Өмір – сынақ, жақсылықпен қоса қиындық та қатар жүреді. Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту – біздің міндетіміз. Кезінде шариғи ілімнен нәр алған бабаларымыз қанша қиыншылық көрсе де, сорақы-зұлматтарға сабыр етіп, сол қиыншылықтан өту жолдарын іздеп, қиындықтың арты жақсылық болатынына үлкен үмітпен Жаратушы Хақ тағалаға сыйынып, бойындағы имандылықтың жемісімен сабырлықтың үлгісін көрсете білген. Жүсіп Баласағұн атамыз: «Сабыр етсең – ісің оңға асады, шүкір қылсаң – жамандық та қашады»,-деген екен.
Иманның шарттарының бірі жақсылық жамандық Алладан деп иман келтіру. Әрбір иман келтірген момын басына келген жақсылыққа шүкірлік жасауы, басына келген қиындыққа сабыр етуі керек. Мына жалған дүниеде барлық нәрселер жұп-жұбымен жаратылған екені анық. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, сауап пен күнә, күн мен түн, жеңілдік пен ауырлық секілді. Өмірде неше түрлі қиындықтарға жолығып жатамыз. Әркімнің басына әрқилы сынақтар келіп жатады. Адам баласы Алланың нәсіп еткен тағдырына разы болуы керек. Кез келген қиындықтарға, жабысқан дерттерге сабыр ету ләзім. Сабыр ету деген сөз, басқа түскен қиындықты әркімге айтып шағымданбау. Бәлкім, қиындыққа сабыр етіп, Алладан медет сұрағандарға сауап беріледі және қиындықтан шығудың жолын сұрап, Алладан шын жәрдем тілесе, құдыреті күшті Жаратушы оның дұғасын қабыл ететіні сөзсіз.
Қандайда бір қасыретке тап болған адам сабыр етсе, Алла тарапынан ақыретпен қатар осы дүниеде де лайықты бағасын алады екен. Бұл туралы Құранда:
وَإِن تَصْبِرُواْ وَتَتَّقُواْ لاَ يَضُرُّكُمْ كَيْدُهُمْ شَيْئاً
«Егер сендер сабыр етсеңдер және тақуалықты ұстансаңдар, олардың (мұнафықтардың) қастық істері сендерге ешбір зиян қылмайды» ("Әли-Имран" сүресі, 120-аят).