Қанжығалы Бөгенбай батыр

preview_player
Показать описание
Қазіргі қазақтың көші күні қаралы
Сүлдесі құрып душар болып қапалы
Мұң шалған рухы төмен ақсақалы
Ауызбен сөз жеткізер жоқ мақалы
Отырықты жоқ бір тұғырлы қамалы
Әл-ауқаты нашарлап бірлігі шамалы
Тау мен тасты паналап барма амалы
Аралары күніге сиреп бара санаулы
Зынданда ашынған жұтта қамаулы

Шөлді кезіп үрді шаңның бораны
Тозды талай кейуананың табаны
Құрдымға кетті талайының атасы
Бөбегіңді ала гөр жер Ұмай апасы
Ажал құшты талай қыздың ағасы
Лаулап жанған үміт отының тағасы
Түкке тұрмас қазіргі өмірдің бағасы
Күрт түсіп біртуар әркімнің баласы
Бітерме екен бұл қияметтің жарасы

Айнала толы бір тылсым күреңді
Тұс-тұстан ықтырғының суық желі
Сағымын сындырып шауып кетті
Қаптады бүйірінен дұшпанның легі
Қопалды кісіге дарымас заң әмірі
Қалмады тосқауыл қолдың шебі
Әбиөрін тыя алмас, бұдан ендігәрі
Жарылқарсың Тәңірім бір өзің енді
Шашылды үңки моншақтай әрі-бері
Қалмады байырғы халықтың демі

Қан жұтып, жалмап жатыр әрбіреуі
Ел-жұртына қорған болар кім бар еді
Көр қазатын жоқтың қасы ешбіреуі
Боларма екен Құдайдың бізден тілеуі
Жетерме екен соңғы айқастың шегі
Көз тірімде, ақтық қалып дем менікі
Еш баспас қадам жаудың баскесері
Еш болмас қалың қазақтың қасыреті
Ең керегі, Елдің тірегі, Ердің жүрегі

Ажалым қалмас қыр соңымнан
Әйтсе де талмас жыр таңымнан
Сақтасын ес жарымнан
Тең келмес еш санамнан
Қолға ұсталған қаламнан
Жаным артық малымнан
Бәрібір жетпес жанымнан
Кіршіксіз мұнтаз арымнан

Жебе ұшынан
Қылыш найзадан
Жіберіп алма уысыңнан
Дөй соққын қыруар дауылдан
Шықса да аждаһа алдыңнан
Ілгері қарай шабуылдан
Жанары шоқ қыраннан
Өңшең өмір тобырдан
Даңқ атақ асқақ арман
Табытқа барар ажалдан
Адамның серігі адалдан
Жол ауыр Қобда тастан

Асыл отты ожданнан
Сулы нулы орманнан
Шалма істеп астыңнан
Барма іздеп аспаннан
Көнбей қалып артыңнан
Сойып ұрған сұлтаннан
Кіндік тамған қосыңнан
Мойып тұрған ұлтаннан

Адым қадам, таяқ тастам
Бері жақсыдан
Иек қасында, бір төбе астында
Ары жаманнан
Бұл дүние жалғаннан
Болмашыл арманнан
Қисық ауыз байынан
Ылаң мінез қатыннан
Көрсе қызар жақыннан
Туыс бауыр сатқыннан
Рас не өтірік, алдаудан
Я болмаса қастықтан
Арбап алар мастықтан
Көрпе төсек жастықтан
Бас сауғалап, бытырап қашқан
Арланудан сен сақтан

Япырай!
Сықи сықпыт
Сірә болар мін құмарыңнан
Бақи бықпырт
Айырылып яки тұмарыңнан
Сүйтетұғын
Нәпсіңнен арыл нақылдан
Қайтатұғын
Нағыз дос адамға ақылдан
Ескертұғын

Әруақ қолдар, саспа ұрыстан
Мен үшін әрбір сарбаз арыстан
Бір бас найза, бір қылыш жұдырықтан
Шап дұшпаныңды ылғи аямастан
Қажымас қайрат, қарағым аттан
Шырағым жетеле алға тоқтамастан

Қанжығалы Бөгенбай батыр
(1680-1778 ж.ж.)

Атасы Әлдеуын Есім ханның билігі тұсында Бас Сардар болған.
Әкесі Ақша батыр Тәуке ханның билігі кезінде Бас Сардар болған. Ал Әбілқайыр хан мен содан соң Абылай ханның жанында Үш жүздің Бас Сардары әрі Қазақ әскерінің қолбасшысы Бөгенбай бабамыздың өзі болған.
Халық арасында "Қарт Бөгенбай" есімімен атағы шыққан, он үш жасынан бастап өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей жүздеген шайқаста (оның ішінде ең ірілері Торғай Қарақұм, Бұланты өзені, Аңырақай, Аягөз, Құлжа т.б) қолбасшы болған Қазақтың Ұлы Тұлғасы

#бөгенбай #арғын #батыр #бас #қазақ #қолбасшы #сардар #аргын #полководец #bogenbay #batyr #argyn #commander #fyp #fypシ #foryou #recomendations #рекомендации
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Әз Тәуке хан Бөгенбайдың әкесі Ақша сардарға 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Және Бөгенбай туылған да "Бұл бала қазақ жауының алдында тас қорғандай бөген болсын, ақылы кемеңгер терең болсын" деп Тәуке ханның өзі батасын айтқан. Атақты Үмбетей жыраудың бір сөзінде:
Алатаудай Ақшадан,
Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың Бөгенбай! – деп жырлаған екен.
1708 жылы жаз айында Түркістан қаласында хан ордасында өткен жиынның шешімімен Бөгенбай жиырма сегіз жасында 30 мың қолды бастап барып, казак – орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Қазақтың сол кездегі ең таңдаулы әскербасылары, сұлтандары қатысқан бұл ұлы жорық туралы Үмбетей жырау толғауларында айтылады:
Жапырағы жатқан түйе таптырмас,
Балығы мол суға жылқы жаптырмас,
Балдырғаны білектей,
Бүлдіргені бүйректей,
Бөденесі үйректей,
Шортаны тайдай тулаған,
Маралы қойдай шулаған,
Ұзыны шексіз, ені алыс
Еділден өттің Бөгенбай!
Еділді жас күнінде асып келген Бөгенбай осы жорықтан кейін «Үкі батыр» атанды. «Алғашқы жорығы еді» деп тоқымқағарын жасаған шешелері жас батырдың дулығасына бір шоқ үкі бекітіп жіберіп еді.
1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған шайқастағы жоңғардың ноянымен жекпе-жекке шығып оны жеңеді сосын денесін найзасына қадап жоғарыға көтереді.
Осыдан кейін қолбасы батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен тағайындалатын, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды.
1712 жылы Бөгенбай батыр өз бетімен әскер бастап Шығыс Түркістан аймағына алғашқы үлкен жорығына аттанды.
1718 жылы Бөгенбай жасағының Тарбағатай, Сарыарқаны жау қолынан қайтару басталды.
1721-1722 жылдары Ресей мен Қазақ Хандығының арақатынастары шиеленісіп кетті. Ресей шекарасындағы ең қауіпті жағдайлар Ертістің орта тұсында пайда болды. Бөгенбай бастаған қазақ жауынгерлері Өскемен бекінісінен бастап Тобольскіге дейінгі аймақтағы орыстың ішкі қозғалысын тоқтатып тастады.
1723 жылы «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» басталды. Бөгенбай батыр ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.
1724 жылы Бөгенбай батыр бастаған қазақ батырлары Жайық бойындағы қалмақтарын қырып қуғынға ұшыратады. Соның салдарынан шабуылға төтеп бере алмаған қалмақ басшысы Доржы Назаров Ресейге қашады.
1724 жылы Әбілқайыр ханмен бірге Бөгенбай батыр Түркістанды қалмақ қолынан қайтарып алды.
1724 жылы Бөгенбай батыр Төле би және Бұқар жыраумен бірге Көркем Уәлидің баласы, Әбілмансұрды(Абылайды) өз қамқорлығына алады.
1726 жылдың мамыр айының басында Бөгенбай бастаған қазақ батырлары Ұлытау аймағын көздеп шыққан Шуно-Дабо бастаған жоңғар(ойрат) әскеріне соққы береді. Екі жақ әскер Шұбартеңіз жағасында кездесіп, қазақтар жеңіске жетеді.
1727 жылдың жаз айында жоңғар-қазақ арасындағы ірі соғыстардың бірі «Бұланты-Білеуті шайқасында» Бөгенбайдың басшылығымен қазақ жасағынан жоңғарлар ойсырата жеңіледі.
1729 жылы болған «Аңырақай шайқасына» басшылық етті.
1730-32 жылдары орыс казактарының Солтүстік Қазақстанға шапқыншылығы кесірінен Ресеймен қарым-қатынас ушықпауы үшін Орта жүздің атынан дипломатиялық шаралар ұйымдастырды.
1733 жылы Бөгенбай батыр Қалдан Серен Жетісудегі ордасын шапты.
1734 жылы Бөгенбай батыр – Абылайдың орта жүз сұлтаны болуын басты қолдаған адамдардың бірі.
1740 жылы Ұлытау бөктерінде өткен Қазақ кеңесінде Бөгенбай сардар қалмаққа ақ үйлі беруден бас тартып толығымен талқалдауға шақырды.
1741 жылы Әбілмәмбет хан, Абылай, Бөгенбай батыр Қаз дауысты Қазыбек бастаған топ Орынборға орыстың генералы В.Урусовпен кездесуге аттанды да.
1742 жылғы Ор бекінісіндегі кездесуден кейін Ресей мен орта жүз арасындағы ресми қарым-қатынас Абылай, Қазыбек би, Бөгенбай арқасында ұзақ жылдарға тыйылды.
1750 - 1760 жылдардағы Алтай - Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.
Бөгенбай белгілі бітімші мәмілегер де болған. Ол Абылай ханның 1752 жылғы Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым - қатынастың орнауына үлкен үлес қосады.
1753 жылы Шыңжаңдағы қытай әскерінің көбеюінен кейін Бөгенбай бастаған қалың әскер шекаралық алқапқа тартып кетті.
1755 жылғы Талқы асуы үшін болған соғыста Қалмақ-Толағай, Қабырға Базар, Еміл мен Қамар-Дабан арасындағы қалмақ ауылдарын Бөгенбайдың жасағы тас-талқан қылады.
1756 жылы Бөгенбай батыр қазақ-қытай арасындағы шешуші шайқастарға бас қолбасшы ретінде жетекшілік жасайды.
1760- қырғыздардың қазақ жеріне шарқыншылығы басталады, 1770 жылы қырғыздың Көкжарлы Барақ батыр бастаған қосынды Богенбай қырып, бастарынан Шу жағасында келте мұнара жасайды.Тұра өзенінің бойында басталып, Қызылсу мен Шәмсінің Шуға құяр сағасына дейін жалғасқан қанды қырғын тарихи шежірелерде «Жәйіл қырғыны» деген аталады.
1771 жылы Бөгенбай батыр Түркістанда болған Абылайдың хан сайлауын басқарып, Абылайды хан тағына Бөгенбай мен Бұқар қолтықтап ақ киізге отырғызады.
Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй - көрегендігін, мейірбан - адамгершілігі жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған.
Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып дәуірлеп тұрған шағында 1778 жылы өз ажалынан дүние салып, сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи күмбезіне жерленеді.
«Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт!» деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ел аузынан ұрпақтан ұрпаққа таратуда.

QonayTV
Автор

Бөгенбай батыр қазақтың басына берілген Алладан бақ қой. Жаныңыз жәннатта болсын! Әмин!
Авторға мың да бір рахмет. Өте шындық және тарихи дерек.

АргонДи
Автор

Қара керей қабанбай қанжығалы бөгенбай, дит менде осы кісілердің батырлығына тұрам, бір бірімізді батыр дейік болатын ел болып, Адайлардан Саламалейкум, Қазақтар алға

kanatkazybaev
Автор

Қанжығалы Бөгенбәй менің ата-бабам 😢Өте мықты Қарабұжыраталарым ай Бөгенбай сосын Ақша батыр сосын Әлдеуін Тілеулі Батырлар Аллаға шүкір Арғыннан шыққан батыр. Орта жүз ..

АлиЕлеукен
Автор

Елімізді жерімізді қорғаған барлык бабаларымызға жатқан жерлеріңіз жайлы топрақтарыңыз торқа болсын.деп тілек тіледім.

РсалдыБашарова
Автор

Атамнын тарихын біліп, қүанам осы рухани шыққаныма

АстанаАстанчанка
Автор

Көк ТӘҢІРІ жар болғай, АРУАААААҚ !!!
БӨГЕНБАЙ БАТЫР

---vshh
Автор

Қанжығалы Бөгембаи батыр Атамыздың жүрегінің түгі бар қаиытпас қаисар ер болған екен! Т

МырзагалиСаметов-рг
Автор

Үш жүздің бас сардары табын Бөкенбай батыр

АьсьсьсьсСььсььсьс
Автор

АТА БАБАЛАРЫМЫЗДЫН АРУГЫ колдасын казагымды. 🙏🙏🙏🙏

gulnaraaitmuxammedova
Автор

Үш Жүздің бас қол басшысы Қабанбай батыр болған, қателеспе бауырым.! Абылай хан "Дарабоз" атап, әрі "Хан батыры" лауазымын берген жалғыз батыр.

audiokitap_arnasy
Автор

Арғында батырда жазушы да әнші де шешен де би де болған шукыр Аллаға

БекнарБ
Автор

Каракалпакстаннан салем Казак бауырларга

xanzopubgm
Автор

Казак деген ел екен.Улдары батыр, Ер екен, Кен байтак улан жеринин, иеси бар, ел екен

КокжалБарак-фл
Автор

Орта жуз бен киши жузде атакты коп батырлар болган.

МеруертРаимбекова-яь
Автор

🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪 күш бырликте.Казактар.

МегатронМегатрон-иэ
Автор

негизи казак аскерин басынды болган Бокенбай табын руыннан болган, Мангыстауды туркмендерден алган,

arsaarsa
Автор

Ағайын туыс ел-жұрт: "бөлінгенді бөрі жейді" деген атам қазақ. Руға бөлінбейік, бәріміз бір қазақпыз. Соны естеріңізден шықпасын. Әлбетте, әр қазақтың руынан кемде кем бір батыр ойраттармен соғыста ерлік көрсетіп, жеңіс үшін өз үлесін қосқан. Бірақ ел арасында "Қарт Бөгенбай" деп атағы шыққан, Қанжығалы Бөгенбай бабамыздың орны бөлек. Неге "Қарт Бөгенбай" деген? Өйткені батырлардың ішінде ең жасы үлкен болған соң ізгі құрметпен солай аталған. Оған қарағанда Қабанбай, Райымбек т.б. батырлардың жасы әлдеқайда кіші жігіттер болған. Сондықтан дұрыс ұғынып, түсіністікпен қарайық.

QonayTV
Автор

Ай Тәуке хан тұсында үш жүздің басын қосқанда қатты күш салысқан ЕрҚосай ЕсекМерген батыр, Тәуке хан бас сардары болған.

sakewara
Автор

Казак ка казирги батырлары керек Кай Каланын кай жуз 2022 хит соны айтын

АлиАли-ъх