filmov
tv
Оқу бітіріп, диплом алып жұмыс іздеп жүрсеңіз – сізге керек ақпарат!
![preview_player](https://i.ytimg.com/vi/_4gtkBVE6hE/maxresdefault.jpg)
Показать описание
Алматыда жыл басынан бері алты жүзге жуық жас жұмыспен қамтылған. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрақты жұмысқа орналасқандар саны айтарлықтай артып келеді. Мәселен, 12 айға созылатын «жастар іс-тәжірибесі» жобасы 500-ге жуық жасқа жаңа мүмкіндік сыйласа, 100-ден астамы алғашқы жұмыс орнын тауыпты.
Алпамыс Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы университетті ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірден жұмыс іздеуге кіріскен. Бірақ таппаған. Айтуынша, бір жарым жыл бұрын жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Сөйтіп «жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Қазір ол дәмхана, мейрамхана секілді мекемелерді автоматтандыруға арналған қосымшаларды әзірлейді.
АЛПАМЫС АСҚАР, техник-программист:
– Тәжірибе жинап басқа жерге өтем бе деген сияқты. Жоқ, компания дамып жатыр. Адам алып жатырмыз тағы да. Бәрі жақсы. Осы жерде тағы да алдағы уақытта қала беремін деген ойдамын.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
– Мамандар жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үш бағдарлама бар деді. Олар «жастар іс-тәжірибесі», «ұрпақтар келісімшарты» және «алғашқы жұмыс орны» деп аталады. Екеуі де колледж не жоғары оқу орнын бітіргін жастарға арналған. Айталық, «жастар іс-тәжірибесі» 12, «ұрпақтар келісімшарты» алты айға созылады. Әрі кейінгісінің шартына сәйкес жұмыс беруші мекемеде жас маманға жол көрсететін зейнет жасына жақындаған қызметкер болуы тиіс. Ал үшінші бағдарламаға бұрын-соңды еш жерде жұмыс істемеген жастар ғана қатыса алады.
АКЖАРКЫН МУХАРИМОВА, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы уақытша жұмыс орны бөлімінің басшысы:
– Он бірді бітіргеннен кейін де оқуға бір себептермен түспей жоғарғы оқу орнына бір жыл уақытын жоғалтпас үшін жұмыспен қамту орталығына келіп, алғашқы жұмыс орнына бағдарламаға қатысуға ұсыныс білдірсе болады жастар.
Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен 600-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды. Олардың бірінің қатысушысы болу үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгіну немесе ENBEK.KZ электрондық еңбек биржасында тіркелу жеткілікті.
Нұрболат Жаңабекұлы, Влад Шишко
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31