filmov
tv
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл

Показать описание
15 ақпан кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Дәл осы елеулі күннің 30 жылдығына орай Горняк ОМС-да арнайы іс-шара ұйымдастырылды. 10 жылға созылған сұрапыл соғыс кезеңінің ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, терең ойлы әндер көрермен назарына ұсынылды.
Жыл сайын ақпан айының 15-ші жұлдызында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерімізді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Игі дәстүрге айналған айтулы шара ХХ ғасырдың 80-жылдарында өрімдей жас жігіттердің ерлігін насихаттап, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған. Елеулі күнге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қала әкімі Еркебұлан Баяхметов арнайы қатысты.
Ізгі тілектер айтылған соң шаһар басшысы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісіне қосқан үлесі үшін 15 ауған соғысы ардагерлеріне арнайы грамоталарды табыстады.
Ауған соғысы ардагергерлері, мектеп және колледж ұжымдары мен тәлім алушыларының қатысумен өткен мәдени шарада ізгі тілектерін қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Аманжол Жакупов және республикалық «Отан» ҚБ-нің төрағасы Болат Оспанов білдіріп, бұл күннің мән-маңызына кеңінен тоқталды.
Кең ауқымды қамтыған жиын жалғасында ҚР Қорғаныс істері министрлігінің мерейтойлық медальдарімен 10 азамат марапатталды. Отан ҚБ атынан арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар «Ауған соғысы ардагерлер кеңесіне» табысталды. Сонымен бірге, бірлестік жұмысына өз қолдауын көрсеткен демеуші кәсіпорын басшыларына ардагерлер атынан арнайы алғыс хаттар мен шағын мүсіншелер берілді.
Тарих сәттерін еске түсірген шара барысы концерттік бағдарламаға ұласып, көрермен қауымды ерекше баурап алды. Еріксіз көзге жас үйірлететін әсерлі әндер әрбір жанның жүрегін елжіретпей қоймады.
Салтанатты жиыннан соң Ұрпақтар сабақтастығы алаңында митинг ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске елды.
Айта кеткен жөн, Степногорск өңірінде 99 Ауған соғысы ардагерлері тұрады. Олардың ең жасы 49-да болса, ең үлкені 63-ті еңсерген. Болашақ ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген жауынгер-интернационалистердің қоғамдағы алар орны ерекше.
#Степногорск #Stepnogorsk #Stepnogorsknews #Aqmola #СтепногорскНовости #СтепногорскЖаңалықтары #Mediastep