Жұлдызайдың ҰБТ оқиғасы / ҰБТ-ға 2 телефонмен кірдім / Juz40

preview_player
Показать описание
Жұлдызайдың ҰБТ оқиғасы / ҰБТ-ға 2 телефонмен кірдім / Juz40

Бұл айдарда танымал адамдарды шақырып, олардың ҰБТ оқиғасы туралы, жасөспірімдік қиындықтарды қалай шешкендігі жайлы айтып беруін сұраймыз.

Айдарымыздың алтыншы қонағы - Жұлдызай Мұсаева.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мықты адам. Ойы бар, оқиғасы бар. Ең бастысы алға қарай ұмтыла алған жан. Жай ғана ИДЕАЛ🤍

aknietuskenbaeva
Автор

ҰБТ осыдан 5 жыл бұрын (2019 жылы) тапсырдым. Шынымды айтсам ҰБТ - ға мүлдем дайындалмадым деп айта аламын. Кейде ынтам ашылып оқып кететінмін. 11 сыныптың қыркүйек айында күшті ынтамын келсем, артынша ешқандайда көңілім болмады дайындалуға. Себебі, 10 сынып бітіргеннен кейін көбісі репетитор т.б. жолдармен білімдерін көтеріп, жоғарлатып келген болатын. Ал мен ауызым ашылып жүре беріппін. Мен 9 сынып оқыған кезімде 140 балл бар, 2 таңдау пәні бар ҰБТ енді. Бір таңдау пәнім биология болса, екінші таңдау пәнім химия болды😂. Химиядан тіпті ештеңе де білмейтінмін. Ол кезде биологиядан білсем болды деп ойлайтын шағым😅. Мектептегі мұғалімдермен бірге дайындаламын деп ойлап, ақымақ болыппын. Қыркүйекте 80% сыныптастарым (химия- биология таңдаған қатарларым) бәрін біліп тұрды. Мен ең оңай массаға есеп шығара алмадым😂. Ең бірінші пробныйдан 73 алдым😂. Басында қасымдағыларға ілесемін деп талпынсам, кейін мен массаға есеп шығара алатыныма мәз болып жүргенде, олар органикалық химияның есептерін шығарып жүрді😅. Мен ботаниканы енді түсініп жүргенде, олар адам анатомиясын түсініп, сүйектерді қатесіз айтып жүрді. Араларымызда өте үлкен айырмашылық болды. Мен енді 80+ балдарды жинап жүргенде, олар 100+ балдан жинады. Бұның барлығы менің самоценкама өте ауыр тиді. Мен мектепте жақсы оқыдым, қарап отырсам өзімнің таңдаған пәндеріме қарағанда басқа пәндерді жақсы білдім😂 (қазір көбісін ұмытып қалғанмын). География, алгебра, дүние жүзі тарихы, әдебиет деген пәндерді таңдаған оқушылардың тесттерін бірге талдап отыратынмын. Ал өзімнің пәндерімді толық түсінбедім. Мұғалімдерім маған келіп басқа пән таңда, тек хим био емес😂. Сен қалғандарынан мықтысың, жаныңды қинама балды алып шығасың деп талай айтты😂. Мен қырсығып медицинаға барамын деп😂. Химиядан ба биологиядан да беретін апайларым дайындала бер, сенде потенциал жақсы, жылдың соңына дейін мықты болып шығасың деп талай мақтады да. Қателігім ортасынан тастап кеттім. Неге тез арада 100+ балл жинай алмадым деген ой😂. Мен қанша еңбектенсемде қатарыма ілесе алмадым😢. Ақымақ басым қайдан білсін бәрі бірден бола қоймайтынын😂. Ботаниканы жақсы білгенмен тестте анатомияда, зоологияда болатынын😅. Неорганикалық химияны жақсы білгенмен, тестте органикалық химияде келетінін😂. Тез сынып қалдым деседе болады. Нағыз ҰБТ ға өз миымммен кірдім. Телефонда, шпорда қарай алмады. 96 балл жинадым. Мектепте био-хим таңдағандардың ішінен (10 -нан астам оқушылар болды😅 12-15 оқушылардан) екінші орынға шықтым😂. Менен жоғары қыз 110 жинады. Сонда көбінің өздеріне қатты сеніп оқымай қойғанын білдім. Өзім қалаған мамандыққа түсе алмауыма екінші себеп, ынжықтығым🎉. ҰБТ тапсырып болғаннан кейін үйдегілерге келіп, екінші жылға қаламын деп айтқанмын. Үйдегілер: ойбай, қатарыңнан қаласың, кейін жинай алмай қаласың, болды осымен, нестейсің келесі жылға қалып деп қарсы бола бастады. Мен әлсіздік танытып, ойымнан бас тартып оқуға түсіп кеттім😅. Мамандығым: мұғалім. Айтқым келгені: бірден 140 алмайсыздар, барлық сұрақ мектеп кітаптарынан алынады. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, тек бұрынғы және қазіргі өзіңізбен салыстырыңыз. Сіз үшін бір тақырыпты түсіну біраз уақытты алатын болса сонша уақыт арнаңыз❤. Ең үлкен ереже: қайталаңыз!!! Ал түлектерге сәттілік❤

АлтынайСермагамбетова
Автор

Жүз 40-тың арқасында мен көп нәрсе үйрендім. Және сізге үлкен рахмет осындай мықты, адал курсты ашқаныз үшін 😘😘😘😘❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

aiakozdayrendek
Автор

Эх, алдынгы жылы бундай видио кунде коретынмын, Удачи тулектер 2023🎉

guldana_turon
Автор

Жұлдызай апай нағыз үлгі алатын адамм😍🥹❤️‍🩹

aiymaidarkyzy
Автор

Маган ауызша пәндер қиындық туғызады, тандау физ-мат тек тарих гана устап тур😭

БактыгулАятханова
Автор

дәл солай математика қиын болды, тарих қиын емес

aburobin.