filmov
tv
Ішкі саясат саласындағы мәселелер талқыланды | Jibek Joly news

Показать описание
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру мәселелері туралы республикалық жиын өткізді. Іс-шарада Президенттің бастамаларын тиімді жүзеге асыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, саяси, қоғамдық, шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынас жасау секілді бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған реформалар және қоғамдағы өзгерістер елімізде мүлде жаңа саяси ахуал қалыптастырғанын айтты. Ішкі саясат саласындағы жұмыстарға тың тәсілдер қолдану керектігіне де тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекеттік кеңесші қоғаммен байланысты және азаматтармен диалогты күшейту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету, жалпыұлттық келісімді нығайту негізгі басымдық болып қала беретінін атап өтті. Басқосу соңында Президент ұсынған «Әділетті Қазақстан» идеясы және жалпыұлттық құндылықтар негізінде жұмысты жетілдіруге қатысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді.
«Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
Бізді Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
Watch us on satellite TV, Youtube and social networks. Leave your comments under this video!
#JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана