Кеңес Әлімжан - Бозторғай ана (official video) 2022

preview_player
Показать описание
Кеңес Әлімжан - Бозторғай ана
Слушайте на всех площадках!
-----------------------------------------
Кеңес Әлімжан в соц.сетях:

#КенесАлимжан #БозторғайАна

Құқықтар қорғалған. Материалдарды толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады, келісім бойынша материалдарды пайдалануға рұқсат етілген жағдайда ресурсқа сілтеме жасау қажет.
© KENES ALIMZHAN PRODUCTION
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Тоғыз ай он күн толғайды,
Өмірге мені жолдайды.
Алты қат аспан астында
Анамдай адал болмайды
Анамдай адам болмайды.

Қ-сы:
Жалғызым жаным, жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай
Баланың жаны балапан
Адамды Алла көп сынар
Әкенің сөзі оқ шығар
Анамдай сұлу адамзат
Жұмақ жақтада жоқ шығар

Періштем болып қорғайды,
Пейіштей болып орнайды
Жеті қат жердің үстінде
Анамдай жылу болмайды
Анамдай сұлу болмайды

Қартайса ана сол қайғы,
Ақ жүзің әжім қорлайды
Жүрексіз адам болса да
Баласыз ана болмайды
Анасыз бала болмайды

Қ-сы:
Жалғызым жаным, жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай
Баланың жаны балапан
Адамды Алла көп сынар
Әкенің сөзі оқ шығар
Анамдай сұлу адамзат
Жұмақ жақтада жоқ шығар

asselabdilazim
Автор

Анашым мекенын жаннат болсын. Анасы бар адамнын басында алтын таж, болады оны тек анасы жоктар коре алады. Аналар 💯 жасасын.

vexxujg
Автор

Осы әнді естігенде анашым еске түседі. 🙏🙏🙏 Жатқан жері жайылы болсын😢😢😢

hnhlneo
Автор

Бүгін мен ең бақытты жанмын! Себебі Анашымның бүгін 77-ші көктемі туған күні😊Анашым әкешіммен Аллам мәнді мағыналы ұзақ сәнді өмір берсін! Жұмағым менің аман болыңыз❤❤❤

zssotfu
Автор

Өз тілім қандай керемет шіркін-ай! Осы тілімді өз жұртым қашан қәдірлей біледі екен! Аналарымыз аман болсын!

aser
Автор

почему я плачууу 😭😭😭😭 анам бар шүкір, бірақ неге анамды қадірлемеймін ???? ән жүрегіме жетті осымен 10-шы рет тыңдаудамын.

dachankiia
Автор

37 жыл жүрмін Анасыз сағынасынғои
Кішісі едім 8 де едім
Пеиіштің төрінде болсын Анашым

huqjril
Автор

Мен жылап жатырмы анам бар бірақ ананны бар кезде бағалау керек❤❤

JaduraBekemkulova
Автор

Жылап отырмын еркек басыммен, жасым 50 де болсада, өйткені қатты сағындым анамды.

srqxodk
Автор

Аналар аман болсын ❤ Кенес сенин анана мын алгыс осындай баланы дуниеге акелгенине🙏👍

ocijzhz
Автор

Жалғызым, жаным, жан анам жаның пейіштің төрінде шалқысын 😢😢😢🤲

ocxnszb
Автор

😢😔😢😔соонун чыгарма казак бир боордошторго. Россия олкосунон ысык салам. Журок кошо ыйлачу ыр болуптур😥😥😥😥😥

iliazbekkyzy.
Автор

Сөзін жазған Фараби баурыма
Сазын жазған Үкітай баурыма
Әдемі орындаған Кеңес бауырма рахмет!
Терең шабытпен шыққан ән

bwscrgh
Автор

Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді!Аналарымыз аман болсын ❤

ukstvtc
Автор

Орындаушы жетер жеріне жеткізіп орындаған
Сөзін жазған адам да өте керемет шабытпен, тебіреніспен жазған екен.
Әуеніне келетін болсақ өте тамаша✊👍

termeshi
Автор

Кеңестің осы әнін тыңдаған сайын, көзіме жас келеді, апама қарыздармын😢😢жандары жәннатта болсын😔👍👍👍

КулашЖазыкбекова
Автор

Жүректен жүрекке жеткен ән, жүрегімді қопарып, жан дүниемді тербеткен ән болды, рақмееееет 😘 Аналарымыз аман есен болсын!👍🏻

qjpteks
Автор

❤❤❤Анашымды сагындым иманын саламат болсын Жан Анам

gkbxyog
Автор

Тамаша ән, сөздері қандай мәнді. Әншінің дауысы да құмығыңқы, жүректі тербеп жібереді екен👍 .

tfqcxop
Автор

Жан анам орның жұмақтың төрі болсын ! Анасы барлар бақытты 😢

kzgoha