Бұл мемлекетте қылмыс жасасаңыз да, түрмеге отырмайсыз!

preview_player
Показать описание
Aserli Voice шет тіліндегі контентті Қазақ тіліне аударумен айналасатын еріктілер тобы. Қазіргі әлемде ақпараттың құны өте жоғары, біздің мақсатымыз маңызды, адамның дамуына үлкен үлес қосатын ақпараттарды Ана тілімізде қолжетімді ету. Біздің тобымызға кез-келген ерікті адам қосыла алады, бұл жоба толықтай еркін болып табылады және де қаржыландырылмайды. Егерде сіз біздің жобамызды қолдап, алғыс білдіргіңіз келсе төмендегі реквизиттерге донат жасасаңыз болады!
___________________________________________________________________________
Kaspi gold: 8 747 991 26 20
___________________________________________________________________________
Aser Voice командасына қосылғың келсе, бізге жаз:
___________________________________________________________________________
Бүгін біз сіздерді өте қызықты елмен таныстырамыз. Бұл елде құнды қазбалар да, заманауи зауыттар да, құнарлы кен орындары да жоқ. Бастауыш және орта мектептегі білім тегін және әр азамат үшін міндетті болып саналады. Елдегі сауаттылық деңгейі жүз пайызды құрайды. Мемлекет өз ақшаларын шығармайды, ал жұмыссыздық деңгейі болса екі жарым пайыз. Мұнда әуежай да, темір жол көлігі де жоқ, бар болғаны 200 шақырымдай асфальтталған жолдар салынған. Елде ешқашан армия да, Қарулы Күштер министрлігі де болмаған. Түрме де жоқ, адвокаттар мен олардың қызметіне тыйым салынған. Қылмыс әлемде ең төменгі көрсеткіштердің бірі, 100 000 тұрғынға 154 қылмысты құрайды. Елдегі пошта барлығына тегін, ел жан басына шаққандағы туристер саны бойынша, Ватиканнан кейін екінші орында тұр. Орташа өмір сүру ұзақтығы 83 жасты құрайды: бұл көрсеткіш бойынша ел әлемде Жапониядан кейінгі, екінші орында. Өмір сүру ұзақтығының жоғары болуына ең таза ауа және салқын, бірақ жұмсақ климат ықпал етеді. Сондай-ақ, барлық жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне тегін сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ел аумағында қаржылық операциялар кез келген валютада жасалуы мүмкін, өйткені мұнда валюталық бақылау жоқ. Территориясының басым көпшілігін таулар, ормандар, өзендер, көлдер мен шалғындар құрайды. Мұнда қоршаған орта қорғалған, табиғатының теңдесі жоқ. Кез келген турист өзін оңай және жайлы сезінеді, тамаша қызмет көрсету және мейірімді адамдар, бәрі мәдениетті және өркениетті, ол жерден кеткіңіз келмейді.
___________________________________________________________________________
Music: 🌳 Nature & Background (Royalty Free Music) - "SPIRIT" by Alex Productions 🇮🇹
Барлық құқықтар сақталған ©
All rights reserved ©
Рекомендации по теме
join shbcf.ru