Worldskills Kazakhstan VII республикалық чемпионаты. 2022ж. Астана. Маңғыстау облысы.

preview_player
Показать описание
WorldSkills Kazakhstan VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті🎉🎉

Маңғыстау облысынан 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы бақ сынады.
Маңғыстау облысының қоржынын 🥈3 - «Күміс» медаль, 🥉3- «Қола» медаль, 🏅7- «Үздік маман» медальонымен толықтырды.

Ералиев Нұржігіт «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша «Күміс» медаль (Бейнеу политехникалық колледжі), Айтуар Баян «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша «Күміс» медаль (Маңғыстау туризм колледжі), Изтурган Диляра«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша «Күміс» медаль (Маңғыстау туризм колледжі), Тугельбаева Жанель «Қонақүй әкімшісі» құзыреттілігі бойынша «Қола» медаль (Маңғыстау туризм колледжі), Исағали Еркебұлан «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «Қола» медаль (Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі), Жума Айгерім «Майлау және безендіру жұмыстары» «Қола» медаль (Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі).

🏅«Үздік маман» алқасымен: Керім Әділет «Графикалық дизайн» (Бейнеу политехникалық колледжі), Тұрлыбеков Нұн «Дәнекерлеу технологиясы» (Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі), Құлжабаев Жанболат «Желілік және жүйелік басқару» (Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі), Тегісбаев Айбат «Веб үлгілеу» (Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі), Каражанов Исламбек «Плиткамен қаптау» (Каспий өңірі «Болашақ» колледжі), Бердіхан Мақсат «Шанақты жөндеу» (Қарақия кәсіптік колледжі), Сұлтанов Дәулет «Автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу» (Қарақия кәсіптік колледжі).
Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз💐💐💐
Рекомендации по теме