filmov
tv
Блогер Н.Айтеленовтің құлағының жарғағы жарылды
Показать описание
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің түскі асының шырқын бұзып, 10 тәулік қамауда жатып қайтқан оппозицияшыл үш дос блогер - Нұрәлі Айтеленов, Ринат Кибраев, Дмитрий Щелоковтың арасы ажарады. Дмитрий Щелоков Нұрәлі Айтеленовті ұрып, оның құлағының жарғағын жарып жіберген. Адамды мүгедек жағдайға жеткізген ол өзінің бұл ісі үшін кешірім сұрамақ түгілі телефон арқылы оның өзін балағаттапты. Осыған күйінген Нұрәлі Айтеленов полицияға арызданды, полиция Дмитрий Щелоковқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Ал төбелстің куәсі Ринат Кибраев Д.Щелоковқа қылмыстық жауапкершіліктен арашалап қалу үшін Н.Айтеленовке және оның әке-шешесіне телефон шалып, полиция жазған арызды қайтарып алуын талап етіп, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр.