Айқын & Жұлдыз — «Сезім үшін» / COVER SHOW 4 / КАВЕР ШОУ 4

preview_player
Показать описание
«Сезім үшін» әнінің сөздері

1-шумақ:
Сен және мен –
Арамызда жол жатыр көлденеңнен.
Сағынышқа айналды бар ғұмырым,
Сенің сұлу көзіңді көрмегеннен.

Амалым жоқ,
Сені сүйген жүрегім жаралы боп.
Күнде жылап кеудемде сені аңсайды.
Жалғыздықты ұнатқан аралы боп.

Қайырмасы:
Сезім үшін
Бәрін қиып кетер ем,
Сөзің үшін.
Мен өмірді сүйемін керек десең,
Жәудіреген бір сенің көзің үшін.

Бірақ арман,
Сені барлық шуақтан құрап алғам.
Мөлдіреген көзіңдей мұң аспаннан.
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам.

2-шумақ:
Жайнап тұрған,
Жанарың-ай жіпсіз-ақ байлап тұрған.
Сыңғырынан күлкіңнің, айналайын,
Күн сәулесі секілді ойнап тұрған.

Күйіп-налып,
Жолдың бәрі өзіңе тұйықталып.
Мен өмірді қайтадан бастадым ғой,
Мәңгілікке өзіңді сүйіп қалып.

Қайырмасы:
Сезім үшін
Бәрін қиып кетер ем,
Сөзің үшін.
Мен өмірді сүйемін керек десең,
Жәудіреген бір сенің көзің үшін.

Бірақ арман,
Сені барлық шуақтан құрап алғам.
Мөлдіреген көзіңдей мұң аспаннан.
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам.

#кавершоу #covershow #айқынжұлдыз #сезімүшін #қазақша #мәтін #covershow #айқынжұлдыз #сезімүшін #қазақша #ОлжасАбай #ДариғаБадыкова
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Ән мен әнші бір бірін тапты. Айқын мен Жұлдызға керемет жарасты 👏👏👏🔥🔥🔥

ansar_
Автор

Дариға мен Олжас бұл әннің бағын ашқан еді. Айқын мен Жұлдыз екінші тынысын ашқан сияқты нағыз кавер болыпты.

Porors
Автор

Айқын Жұлдыз мықты әншісіңдер. Күнде тыңдаймын

УлбалаЖумадиллаева-фх
Автор

Мен үшін үздік кавер осы болды. Барлығының əндері ұнады. Бірақ осы каверді тыңдау үшін қайта оралдым. 😍😍😍

Jasmine-ez
Автор

Ән жанаша бағытта әдемі өндеп шығыпты маған ұнады

saaginish
Автор

Керемет, мен ушин 1 орын, не деген дауыстар👍👍

КулданаАскеровнаУсенбаева
Автор

Оте адеми шыккан екен 👍🏻 Кайта кайта тындагын келеди 🔥

DimashZholdasbek
Автор

Маған ұнап қалған версия осы! Күніне 100 тыңдағандар, біргеміз!

АсельЖаксыбай
Автор

Екі өлеңдерін де қайта қайта тыңдап жатырмын❤

ЛисаМанобан-йт
Автор

Газихан керемет орындаган еди, одан кеин Дарига зарлап курткан еди, Айкын Жулдыз керемет орындап шыкты😍😍😍😍❤ кешке деин тындап журдим

kzkorol
Автор

Иірімдері вообще күшті әдемі айтқан екен😍

ЕрзатКурбанжан
Автор

Айкынга барлык ан жараса кетедигой. Нагыз анши 🥰

Bota
Автор

Экоонун аткаруусу мага аябай жакты. Чыгармачылык ийгилик каалайм.

СапаргульМамасыдыкова
Автор

Керемет, браво. Осы күннің Төлегенімен Жібегі. Әдемі.

ГулжайнаТашеменова-йъ
Автор

Каттыыы унады маган
Прям кайта кайта тындап журмин ❤😊

Дамира-йч
Автор

Бірін бірі ұнатөандар ғой.Бақытты болсын, осы өлеңмен бәрін жеткізді ғой.Тағдыр маңдайларына ауыр сын жазған шығар.Ал кавер болды.Керемет, әсіресе иірімдері.

НарзанкульДаулетбаева
Автор

Маған мына ән ұнады жұлдыз әпше Айкын Аға бакынты болындар❤❤❤❤❤❤❤

НурайлымИбагали-лш
Автор

Qaraqalpaqstan respublikasinan Nokis qalasinan Ayqin Juldizdin qosiqtarin qayta qayta tindap jatrman zor bravo❤🎉❤🎉

BaxtibaySherimbetov
Автор

Керемет айттындар сендер женеды деп ойлап едым, Оте жаксы айттындар

ТамараАхатаева-жб
Автор

Өте керемет нағыз әншісін тапқандай ән❤❤❤

Erlan-qvhx
welcome to shbcf.ru