АҚШ ресейлік қара алтыннан бас тартты! Енді отандық мұнай газ саласының жағдайы не болады

preview_player
Показать описание
Ресей мен Украина шиеленісінен кейін Ресей Федерациясы әлемдегі ең көп санкция салынған елге айналды. АҚШ президенті Джо Байден ресейлік мұнайдан да бас тартқанын мәлімдеді. Ұлыбритания да енді ресейдің қара алтынын тұтынбайды. Сарапшылар, әлемде мұнайдың бағасы қымбаттап жатқан тұста бұл жайт Ресей экономикасын одан сайын құлдыратып, бізге де әсер етеді деп отыр. Алайда, кейбір мұнай-газ саласының мамандары Ресейдің өзі санкция салмаса АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер етпейді деген пікірде. Қазақстанда өндірілген барлық мұнайдың 75 пайызы Ресей арқылы сатылып отырғанын ескерсек мұнайға қатысты санкцияның салдары ауыр болуы мүмкін.
Жыл сайын 90 миллион тонна мұнай өндіріп отырған Қазақстанның қара алтыны 4 түрлі бағытта әлемге таратылады. Әуелі Каспий құбыр консорциумы арқылы яғни, Ресей арқылы Еуропаға жөнелтіледі. Одан кейін Атырау-Самара құбырымен Ресейге, содан соң Бейнеу арқылы Қытайға және Ақтаудан теңіз арқылы кемемен Жейхан-Баку арқылы Түркия мен Еуропаға жеткізіледі. 17-18 миллион тонна мұнай Қазақстан нарығына, қалғаны шетелге сатылады. Сарапшы Рашид Жақсылықов АҚШ пен Ұлыбританияның Ресейдің мұнайынан бас тартқаннан қауіп жоқ деп отыр. Алайда, егер Ресей Каспий құбыры үшін анти санкция енгізетін болса сатып отырған мұнайымыздан түсетін пайда күрт азаюы мүмкін дейді.
Рашид Жақсылықов, Қазақстан Мұнай сервистік компаниялары Одағының Төралқа төрағасы:
– "КТК арқылы мұнай тасымалдайтын болсаң енді осыншама төлейсің десе менің жеріме". Мысалыға 50 доллар төлейсің десе барреліне ол мұнайды саттың не, сатпадың не. Сондықтан мен көбіне осы Ресейдің қабылдайтын шешімінен сескенемін.
Сондықтан Рашид Жақсылықов 2014 жылдан бері мұнайды Қытай, Үндістан секілді Азияның алпауыт елдеріне экспорттауды ұсынып келеді. Алайда, бұл ұсынысы іске аспай отыр. АҚШ Ресейдің мұнайынан бас тартқанымен оның салқыны Қазақстанның мұнайына әсер етпейді. Бүгін АҚШ-тың қаржы министрі "Ресейге салынған санкция Каспий құбыры арқылы мұнай тасымалдап отырған Қазақстанға қатысы жоқ" деді. Айта кетейік, Украина мен Ресей қақтығысы шиеленіскелі Жапония Сауд Арабияның мұнайын баррельіне 500-600 долларға дейін төлеп сатып алып отыр. Өйткені, қаржылық тиімділікті ғана емес, ең әуелі қауіпсіздіктерін ойлайды. Ал, 1511 шақырымға созылып жатқан Каспий құбыры әдеттегідей штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Консерциумның баспасөз қызметі мұнай тасымалы жоспарға сай, графикпен жүріп жатқанын жариялады. Сарапшылар әлемдік мұнай өндірісінің 6 жарым пайызы ғана Ресейге тиесілі, ал Ресейдің АҚШ-қа сатып отырған мұнайының көлемі айтарлықтай көп емес, сондықтан АҚШ санкциясынан Ресей аса опық жемеуі мүмкін дейді. Айта кетейік, Қазақстанда өндірілетін мұнайдың көбі осы Каспий құбырымен Ресей арқылы Еуропаға сатылады. Жылына шамамен 45 миллион тонна. Қытайға 2 миллион, Ресейге 12 миллион, Әзербайжан арқылы Еуропаға 12-13 миллион тонна тасымалданады.

WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Мұнай #импорт #санкция #Байден #Ресей
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Халықтың игілігне паидасы тимеген мұнаидың сатылмағаны жақсы болашақта ұрпақтарымыз паидалансын.

НұрғалиҚуанышбай
Автор

Кімге ауыр болуы мүмкін, нақты айтсаңдаршы, бізгеме немесе жепудаттарғама, менімше жай халыққа мұнайдан көк тиын паида жоқ.

НурланЖуманов-ьс
Автор

Канша тонна сатсандар да карыздан бас котермеймиз

qazaqqazaq
Автор

Орыстар мұнайын Қазақстан арқалы сататын шығар алдағы уақытта

АхметИбашев-шс
Автор

Мұнайдан Қазақстанның байығанын көрмедік. Доллар түсседе, көтерілседе мұнайдың экспорт бағасы арзандайды. Ал тек Қазақстанда ғана бензин қымбаттайды.

Hhtjjggjdkhfgiodgidigdidtktdyg
Автор

Ақшасы қайда, осынша мұнайды сатасыңдар, өмірі ақша жоқ деп қу шөппен ауыздарыңды сүртесіңдер

НазеркеТалипов
Автор

Сол соонша милион тонна мұнайдан бізге түк пайдасы жоқ.

ТалгатНабиев-фф
Автор

Шамамен 75 млн тоннадан түскен пайда қайда?Өңшең шетелдік компаниялардың қарамағында жұмыс жасағанымызға мәзбіз!

МелдебекПаразбеков
Автор

Неге қазақстан тікелей мүнайды шетелге жібермейді

bahtybeksarbassov
Автор

Шиеленіс емес журналис
Соғыс болып жатыр

КаршыгаАхмадиянов
Автор

Не Деген байлык бірак халык нан таппай жылап жур үйсіз жүрген казак

АйбекСултан-иф
Автор

кімді алдап отырсың мұнай да бәр байлығың ресей қолында не қыртып тұрсың

rahmetrahmet
Автор

Не деген байлық қазақ елінде соны дұрыстап пайдалансаққой

ЖамбылЛесбекулы-фй
Автор

30 жылда дамыганымыз осыма орыстарсыз оз мунаиымызды озымыз сата алмасак

СапаргалиТойлыбаев-жз
Автор

е шшсс кааанннііі ол баилык а канііі сукалар оздерін жи берми берсендерші халыкка казахтын армясына желкелерін шыксын

НурсултанЕрсин-пт
Автор

Тасмалданат!калтага щалдын тасмалданат! кайтарсын 30жыл тонаган милиардттарды!!

amanjolkutanov
Автор

Осы акшанын бари кайда кетип жатыр я дамып жаткан жок, я зауыттар жок, карыз дан коз ашылмайды, салынып жаткан уйлеринин сикы анау кырык тесик жамау боп.

МайраТурганбаева-уч
Автор

Сатама сатпаима. Барибир калыкка тук паидасы жок

ЕркебуланКулымбаев
Автор

қазақтың мұнайын рахатын орыс көріп отыр

МамайЕржанов
Автор

Осы мунайдан елимизге не пайда кызыгын жемкорлар корип жатыр соган каным карайып отыр ал согыс басталса жемкор укиметин бари кашады Халкым козинди аш Казакстанда Назарбае Токаев айналасы ширип байып жатыр

АсылбекДаулыбаев-ец