filmov
tv
«Мәсіх» сөзі қандай мағына береді?
Показать описание
Ежелгі заманда діни қызметкерлерге және патшаларға арнайы қызметке таңдалғандығын дәлелі ретінде май жағу рәсімі орындалатын. «Май жағу рәсімі» арқылы таңдалған кісіні көне еврей тілінде «мәшиях», араб, қазақ тілдерінде «масих», «месих» және «мәсіх» деп атаған. Ал көне грек тіліне «Христос» деп аударылады.
Иса осы дүниеге келген заманда яһуди халқы «Мәсіх» атауын өздері күткен Құтқарушы Патша үшін қолданатын. Бірнеше ғасыр бұрын Құдайдың пайғамбарлары Оның келуін алдын ала айтып кеткен еді.
Иса Мәсіх пәк қыз Мәриам арқылы дүниеге келіп, жер бетінде адам ретінде өмір сүрді. Уақыты келгенде Ол Құдайдың еркіне сай қызмет етті: ауруларды сауықтырды, өлгендерді тірілтті, таңғажайыптар жасады.
Бұл пайғамбарлар арқылы алдын ала айтып кеткен Құтқарушы Мәсіх Исаның Өзі еді. Яхуди халқы Мәсіхтен өздерін жауларынан көрген зорлық зомбылықтан құтқаруын күтті. Дегенмен Иса Мәсіх халықты әуелі теріс жолдарынан қайтуға шақырып, осылай күнәнің құлдығынан құтылудың маңыздылығы туралы уағыздады.
Мәсіхтің осы дүниеге келуінің мақсаты - адамзаттың күнәсінің құнын өтеп, азаттыққа жетелеу. Оның айқышта шегеленген тәні мен төгілген қаны адам баласын тозақтан құтқарып, оны мәңгілік өмірге жетелейді.
Біздің парақшамыз:
#Иса #ИсаМәсіх #Сенім #Құдай #КиеліКітап #Қазақ
#Қазақстан
Дереккөздер:
The Church of Jesus Christ of Latter-day Saints (Youtube)
The Chosen (Youtube)