Бетельгейзе жақында жарыла ма? ¦ Жұлдыздар эволюциясы

preview_player
Показать описание
Аспандағы оныншы жарық жұлдыз Бетельгейзе 2019 жылдың аяғында ерекше күңгірттеніп кетті. Бұл оның жақында жарылатынын білдіре ме, және мұның Жерге қандай әсері болмақ?

Жұлдыздың тағдыры оның массасына неліктен тәуелді? Супержаңаның тұтануы үшін не қажет? Күн мен Бетельгейзенің ғұмыры қалай аяқталмақ? Қызыл супералыптардың жарықтығының құбылуына не себепші? Бетельгейзенің жарылысын алдын-ала қалай болжауға болады?

Credits: NASA-JPL/Caltech, NASA GSFC, NASA/SDO, ESA/Hubble, ALMA (ESO-NAOJ-NRAO)/E. O’Gorman/P. Kervella, AAVSO, IceCube Neutrino Observatory, DSS Consortium, SDSS, AstroAlert «Наблюдательная астрономия»
Music: Jingle Punks – Darling Ranch, Action Here, Galactic Damages, The Simplest
Дайындаған «Физика және Ғарыш» арнасы, 2020
Мәтінді оқыған Гүлнұр Тажикова

ҚАТЫСТЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР

27 Қаңтар 2020
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ ЖАРҚЫРАУЫ ӘЛІ ДЕ АЗАЮДА
2020 жылдың 25 қаңтарында ол +1,6 жұлдыздық шаманы құрады. Сөйтіп, аспандағы 10-шы жарық жұлдыз болып саналған Бетельгейзе қазір 24-ші орынға түсті.

20 Тамыз 2020
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ КҮҢГІРТТЕНУ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ
Орион шоқжұлдызындағы қызыл супералып Бетельгейзе — түнгі аспандағы оныншы жарық жұлдыз. Ол айнымалы жұлдыз болғандықтан, жарықтығы 420 күндік периодпен құбылып тұрады.
Алайда 2019 жылдың қазанынан бастап, ол ерекше күңгірттене бастады. Сөйтіп, ақпанда оның жарықтығы 70%-дай кеміп, 50 жылдағы ең төмен деңгейге түсті. Кейбіреулер мұны тіпті жұлдыздың жарылуы жақындағанының белгісі деп болжады.
Гарвард-Смитсон астрофизика орталығы директорының орынбасары Андреа К. Дюпри (Andrea K. Dupree) бастаған команда мынандай гипотеза ұсынды: жұлдыздың өзі лақтырып тастаған тығыз ыстық плазма бұлттары оның бетін тасалап, көмескіленуіне себеп болған.
Гипотеза Хаббл ғарыштық телескопы деректеріне негізделген: 2019 жылы күзде жұлдыздың сыртқы атмосферасында қозғалып бара жатқан ыстық, тығыз газдың алып дағы байқалған еді. Зерттеушілер газ бірнеше миллион километрге ұшып кеткен соң, салқындап, тозаң бұлтына айналды деп топшылайды. Міне осы бұлт Бетельгейзе жарығының біраз бөлігін тұтып қалған.
Сәуірге қарай Бетельгейзенің жарықтығы қалпына келгені белгілі. Ал Испаниядағы STELLA телескопының дерегінше, тамыздың басында жұлдыз ҚАЙТАДАН КҮҢГІРТТЕНЕ БАСТАҒАН! Яғни көмескілену 420 күндік циклдан бір жыл ерте басталды деген сөз.
Мұның себебін әзірше түсіндіру қиын, астрономдар бақылауды жалғастыруда.

17 Қазан 2020
ШОУ БОЛМАЙДЫ, ТАРҚАҢЫЗДАР: БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ ӘЛІ ЖҮЗ МЫҢ ЖЫЛ ҒҰМЫРЫ БАР ЕКЕН
13 қазанда The Astrophysical Journal журналында жарияланған мақалаға сәйкес, Бетельгейзе жұлдызы бұрын ойлағаннан кіші және бізге жақынырақ болып шықты. Ориондағы қызыл супералып Бетельгейзенің жасы 8 миллион жыл және оның ядросындағы сутегінің жанып біткені белгілі. Гелий, көміртегі, магний, неон және оттегі де жанып біткен соң, жұлдыз, ядросының гравитациялық коллапсы нәтижесінде, II типті супержаңа ретінде жарылуы тиіс. Бетельгейзе бұл кезде біздің аспанымызда толған Айдай жарқырамақ.
Меридит Джойс бастаған астрономдар Бетельгейзені MESA (Modules for Experiments in Stellar Astrophysics) коды бойынша модельдеді. Нәтижесінде оның радиусы, бұрын ойлағандай, Юпитер орбитасындай емес, 30%-ке кіші, яғни 764 Күн радиусы (3,5 а.б.) екені анықталды. Сәйкесінше, оған дейінгі қашықтық 548 жарық жылы болып түзетілді. Ал массасы 16,5–19 Күн массасынан аспауы тиіс.
Ғалымдар Бетельгейзе ядросындағы гелийдің жануы бастапқы кезеңде деген қорытындыға келді, демек ол супержаңаға айналғанша әлі 100 000 жылдай өмір сүрмек
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

17 Қазан 2020
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ ӘЛІ ЖҮЗ МЫҢ ЖЫЛ ҒҰМЫРЫ БАР ЕКЕН
13 қазанда The Astrophysical Journal журналында жарияланған мақалаға сәйкес, Бетельгейзе жұлдызы бұрын ойлағаннан кіші және бізге жақынырақ болып шықты. Ориондағы қызыл супералып Бетельгейзенің жасы 8 миллион жыл және оның ядросындағы сутегінің жанып біткені белгілі. Гелий, көміртегі, магний, неон және оттегі де жанып біткен соң, жұлдыз ядросының гравитациялық коллапсы нәтижесінде II типті супержаңа ретінде жарылуы тиіс. Бетельгейзе бұл кезде біздің аспанымызда толған Айдай жарқырамақ.
Меридит Джойс бастаған астрономдар Бетельгейзені MESA (Modules for Experiments in Stellar Astrophysics) коды бойынша модельдеді. Нәтижесінде оның радиусы, бұрын ойлағандай, Юпитер орбитасындай емес, 30%-ке кіші, яғни 764 Күн радиусы (3, 5 а.б.) екені анықталды. Сәйкесінше, оған дейінгі қашықтық 548 жарық жылы болып түзетілді. Ал массасы 16, 5–19 Күн массасынан аспауы тиіс.

phyandspace
Автор

Роликтеріңіз күннен күнге қызықты да тартымды болып келеді. Сәттілік тілеймін.

КуанышбекМустафа
Автор

20 Тамыз 2020
БЕТЕЛЬГЕЙЗЕНІҢ КҮҢГІРТТЕНУ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ
Бетельгейзе — түнгі аспандағы оныншы жарық жұлдыз. Ол айнымалы жұлдыз болғандықтан, жарықтығы 420 күндік периодпен құбылып тұрады.
Алайда 2019 жылдың қазанынан бастап, ол ерекше күңгірттене бастады. Сөйтіп, ақпанда оның жарықтығы 70%-дай кеміп, 50 жылдағы ең төмен деңгейге түсті.
Гарвард-Смитсон астрофизика орталығы директорының орынбасары Андреа К. Дюпри (Andrea K. Dupree) бастаған команда мынандай гипотеза ұсынды: жұлдыздың өзі лақтырып тастаған тығыз ыстық плазма бұлттары оның бетін тасалап, көмескіленуіне себеп болған.
Гипотеза Хаббл ғарыштық телескопы деректеріне негізделген: 2019 жылы күзде жұлдыздың сыртқы атмосферасында қозғалып бара жатқан ыстық, тығыз газдың алып дағы байқалған еді. Зерттеушілер газ бірнеше миллион километрге ұшып кеткен соң, салқындап, тозаң бұлтына айналды деп топшылайды. Міне осы бұлт Бетельгейзе жарығының біраз бөлігін тұтып қалған.

phyandspace
Автор

Нейтриноның фотоннан тезірек келетіні қызық екен. Әлде жарылар алдында ядросы ерекше порциялы нейтрино шаша ма екен?!

Zaqariyah
Автор

Автор сиз беттельгейзедеги гелий газының жанып битуи туралы шатастыныз

dulatmaxset
Автор

оооооойййй, мен Бетельгейзенің жарылуын тікелей эфирде көрсететін еске салғыш па десем🤣

Zaqariyah
Автор

Сириус жұлдызының қос жұлдыз екендігі қалай анықталды?

АқжолтайТурганбайұлы
Автор

СӘЛЕМЕТСІЗБЕ...БҰДАНДА ҰЗАҒЫРАҚ БОЛСА ВИДЕОҢЫЗ ЖАҚСЫ БОЛАР ЕДІ...

favoritshop
Автор

САЛАМАТСЫЗБА...СІЗДЕН СУРАҒЫМ КЕЛГЕНІ АСПАНДА КУН МЕН АЙДАН КЕЙІНГІ КЕШКІСН КӨРІНІП ТҰРАТН УШІНШІ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ АТЫ ҚАЛАЙ АЙТЫП ЖІЬЕРЕСЗБЕ...ДӘЛ ҚАЗІР АЙДЫҢ ЖАНЫНДА КӨРІНІП ТҰР..АЙТЫП ЖІБЕРЕСЗБЕ

favoritshop
join shbcf.ru