АСХАТ ӘМІРҒАЛИ - «АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ»

preview_player
Показать описание
«TAŃSHOLPAN» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасы.
Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады. Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық -- мұның бәрі «TAŃSHOLPANDA».

Біз әлеуметтік желілердеміз:

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Даусыңнан айналайын, қазіргі кезде маған ұнайтын жалғыз әнші сенсің, бақыт тілеймін өнерің өркендей берсін биіктен көріне бер әмин.

АлияМустафина-зи
Автор

Аузынан айдың түскен қыз

Сөзі:С.Томанов
Әні:Сәрсенбек Бәкір

Жолымыз құрбым бір болсын,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрымдыларға қосылмай.

Көрдім де сені өзгердім,
Басқа адам болып бір демде.
Періштелерін өзге елдің,
Көзге де ілмей жүргенде.

Желкілдеп сезім, бал-құрақ,
Шаттықтан шаршап қуансын
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.

Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көрімдік алса Күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.

Көңілімді шаттық күй кернеп,
Кеудеме қанат біткендей.
Қармана бердім күйбеңдеп,
Өзіңнен басқа түк көрмей.

Дертімді қалай емдермін,
Не амал, оған не істерміз?!
Арманым болдың сен менің,
АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ!

zhanibekmanarbekov
Автор

Неткен ән десеңші, қандай керемет орындау! Жасай беріңіз!

zhanibekmanarbekov
Автор

Шiркiн осы әндi кiмге арнаған екен, арманы жоққой сол қыздың! Керемет әнiде, сөзiде, орындаушыда, керемет!!! Рахмет! 🙏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏

МайраТажимуратова-ьл
welcome to shbcf.ru