ЭМБРИОННЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

preview_player
Показать описание
🧡 Бесінші, алтыншы күні эмбрион дамудың ең жоғары сатысы - бластоцистаға айналады. Эмбрион осы сатыда қуыс шарға ұқсайды, оның ішіне қабырғаға жасушаішілік масса бекітіліп тұрады. Осы үлкен шардың қабырғалары трофэктодерма деп аталады.

Кейіннен трофэктодерма плацентаны түзеді, ал жасушаішілік массадан бала қалыптасады.
Эмбриологтар эмбрионның жасушаларын микроскоппен зерттей отырып, оларды Доктор Дэвид Гарднер кретериі бойынша бағалайды. Бұл бағалау сан мен әріптер арқылы кодталады.

❤️ Бластоцистаның мөлшері, оның қуысының көлемі:
1 - қуыс (бластоцель) бластоцистаның жалпы көлемінің 50%-нан аз болса;
2 - қуыс бластоцистаның жалпы көлемінің 50% алып жатса;
3 - қуыс бластоцистаның жалпы көлемінің 75% - нан астамын алса;
4 - қуыс бластоцистаны түгел алып жатса;
5 - Бластоциста қабықшадан шыға бастаса;
6 - Имплантацияға дайын, қабықшадан толықтай шыққан бластоциста.

❤️ Бірінші әріп (А, В, С) - бластоцистаның жасуша ішілік масса клеткаларының сапасын көрсетеді:
А - көп клеткалар өзара тығыздалып орналасады;
В - бірнеше клетка, еркін орналасады;
С - клетка саны аз немесе мүлдем болмайды.

❤️ Екінші әріп (А, В, С) - бластоцистаның трофэктодерма клеткаларының сапасын білдіреді:
А - көп клеткалар өзара тығыздалып орналасады;
В - бірнеше клетка, еркін орналасады;
С - клетка саны аз немесе мүлдем болмайды.

🎥 Видеоматериалды Сізге дайындаған ИРМ клиникасының эмбриологі 👩🏻‍⚕️ Мұхамедьяр Самал Қанатқызы @saldensoon

❤️ИРМ емханалары АЛМАТЫ қаласында Төле би 99 және Қабанбай батыр 226 көшелерінде орналасқан.

ШЫМКЕНТ қаласында Ерімбетова 302. ☎️+7-727-234-34-34,
‭+7 (771) 934-34-34‬ (WhatsApp) запись бойынша🌼

#эко #эмбрион #ирмалматы
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

жарайсың, осындай ұғынықты қазақ тілінде көптеген білімдерді жеткізіп тұрсаңыздар, тіптен керемет болар еді. 👍👍👍

НазираПазілбек
Автор

Өте білікті жпқсы маман екені көрініп тұр. Дами беріңіз, өсе беріңіз

ЖаннаЖанна-цж
Автор

қызметің табысты болсын, биіктерге самғай бер, сіңілім💪💪💪

НазираПазілбек
Автор

Кандай суйкімді кыз жап жас өте білімді кызметіңіздің жемісін көріңіз😍🙏

АйымБайниязова-юъ
Автор

Өтте керемет ойымда жүрген сұрақтың жауабын алдым

ГульзатМергенәлі
Автор

Осы кыздың инстасы барма екен. Керемет түсіндіреді екен

nazerkeraiana
Автор

Менде 4вв, 3 вв крио эмбиондар бар ирм Кабанбайда. Сапасы жақсы ма 4вв, 3вв?

ЖаннаЖанна-цж
Автор

Сонда AA, BB. Эмбриондаргана жүктілік береме? Басқа сападағы эмбриондар жүктілік бермейме сонда?

ЖанияХудайбергенова-кр
Автор

Ассалаума алейкум Эко ценасы канша екен

SvetlanaUbbieva
Автор

Салеметсиз бе! Менде катырылган Эмбрион BL 4AB , сапасы жаксыма?

Улжан-чя
Автор

Саламатсыз ба! Эмбрионнын 8 бластомер, 3, 5балл дегенди Калай тусинуге болады? Рахмет

АсылзатТоксанбаева-рв
Автор

5вв деген кандай эмбрион? Бугин 10 кун болды тест али коринбиди? 😢

АйгульБешенова-си
Автор

Саламатсыздар ма.мен 2020 жылы эко жасаткам.дамымай калды.маган енди эмбрио протоколымды алуыма бола ма? или генетиканың корытындысы керек

ulydalakanalkz
Автор

Мысалы 2 миллиондай акша толеп эбрион орнатканда
1-сы саттсиз болса, 2- сын салуга тагы 2 миллион толеу керек пе ?

УлжанБаяндиева
Автор

Сс эмбрион жатирда дамип кетедима немесе

b_u
Автор

Сәлеметсіз дерме. Мысалы пациеттен 10 эмбрион алынса, оган біреуін салады. Қалган эмбриондарды не істейсіздер? Оны қанша жыл сақтайсыздар? Ар ай сайын төленбесе эмбрионга сақтағанда, оны жойып тастамайсыздарба? Ол жылдап сақталса зиян емеспаа?

ЖанияХудайбергенова-кр
Автор

Сұрақ әйел адамнан канша эмбрион алынуы керек нормада

ШамарханУспанов-иь
Автор

Сәлеметсіз бе Бізде 5АВ сапасы жақсыма

Ermek_Uzakuly
Автор

Сонда эмбрионнын сапасына карапта ул кыздыгын айта алмайсызба менде кеше пацатка болған менде 3ab

ГулзираБазарбаева-йй
welcome to shbcf.ru