«Үміт» сәбилер үйінде жаңа жылдық шыршаның шамы жанды

preview_player
Показать описание
Бөбектер бақытқа бөленді. Олай дейтініміз, «Үміт» сәбилер үйінде жаңа жылдық шыршаның шамы жанды. «Тұрғынүйжинақбанкінің» қызметкерлері мерекеге орай бүлдіршіндерге сый-сияпатын ұсынды. Балғындар таңғажайып ертегілер еліне саяхат жасады. Аяз ата мен Ақша қар тілі бал бөбектердің тақпақтарын тыңдады. Кейбірі тіпті ән салды. Шыршаны айналып би биледі. Ертегінің жағымды кейіпкерлері кішкентай ғана балапандармен Аяз атаны ұрлап кеткен зұлымнан құтқарды. Келер жылдың бір белгісі болып айдарлы әтешті ортаға алып, көрермендерді шаттыққа кенелтті. Жиналғандар, сәбилерге тек мереке қарсаңында ғана көңіл бөлмей, кез-келген күні қуанта алсақ деген наздарын да айтты.
Рекомендации по теме
join shbcf.ru