filmov
tv
Аяқ ауруының 8 себебі
Показать описание
Жасы 50-ге таяған адамдар арасында аяғы ауыратындар, тізенің сықырлап, буынның сырқырап ауыруын айтатындар көп. Жастар жағы да бұл кеселден кенде емес: жиырманың төңірегіндегі қыз-жігіттер ұзақтау жүрсе аяқтары талатынын айтып шағымданады. Дәрігерлер мұны қан тамырларының қызметі бұзылуынан пайда болатын жағдай дейді. Оның бірнеше түрі бар.
1. Көктамырдың кеңеюі
Ауру белгісі: Ұзаққа созылған аяқ ауруы жұмыс күнінің соңына қарай күшейе түседі. Аяқтың салмағы артқандай болып, дыңылдап, сырқырап, жатқың келе береді.
#Емдеу жолы: Алғашқы белгілері білінісімен қан тамырларды УЗИ-ден өткізіп, дәрігер көмегіне жүгіну керек. Доплерографиялық тексеру нәтижесіне қарай қалай емдеу керегін дәрігер шешеді. Көктамырдың варикоздық кеңеюін ертерек емдемесе, тамырлардың жарылу, қан ұю қаупі бар.
2. Тромбофлебит
Ауру белгісі: Балтырдың бұлшық еттері үнемі тартылып ауырып тұруы тегін емес. Бұл ауру үдеген кезде аяқ қызып, ісінеді. Бұлшық еттер талып ауырады, аяқ қызарып, қан тамырлары қатайып, түйіле бастайды.
Емдеу жолы: Қан тамырлары дәрігеріне (сосудистый врач) көріну керек. Үстіңгі және астыңғы қабаттардағы көктамырларды мұқият тексеріп, қанның ұйып қалу қаупі мен дәрежесін анықтау маңызды. Қан тамырының жарылып кету қаупі бар ма, жоқ па, мұны ертерек анықтау керек. Ол үшін ангиосканерлеуге жолдама аласыз. Егер қанның ұйып қалуы мен жарылу қаупі болмаса, сұйылтатын, қан тамыр қабырғаларын қатайтатын ем жасалады. Ал асқынған белгі болған жағдайда ота жасауға тура келеді. Жағдайды бұған жеткізбеу, әрине, өзіңізге байланысты.
3. Эндартериит
Ауру белгісі: Жаяу жүргенде тізе ауыра ма? Бірден емес, шамамен 100-150 метр жүрген соң тізе тұсында ауырсыну сезімі басталып, ол біртіндеп күшейе түссе, ұйып қалатын болса, дәрігерге баруды кешеуілдетуге болмайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Әдетте аяқтың ауыруы мен ұйып қалуын басу үшін адамдар біраз жер жүріп, адап тынығып алуды дұрыс көреді. Бұлай уақыт оздыру үлкен қателік.
Емдеу жолы: Бұл эндартериит ауруының айқын белгісі. Ол әсіресе темекі тартатын адамдар арасында көп кездеседі. Өйткені никотин қан тамырлары ишемиясының басты факторы. Дәрігерлер, әрине, денсаулықты сақтау үшін темекіні тастауға кеңес береді. Магниттік-резонанстық томография (МРТ), ангиография, қан тамыр УЗИ-інен өту керек. Қан құрамын анықтап, қабыну факторларын білу маңызды. Ем соған қарай тағайындалады. Егер аяқтағы ауырсыну сезімі, ұйып қалуы күшейе түссе, бұл артерияда қан ұйып қалуының белгісі. Ол өте қауіпті. Ауруды бұлай асқындыру хирургиялық отаға дейін жеткізеді.
4. Остеопороз
Ауру белгісі: Балтыр тұсының қатты ауыруы және аяқтың дірілдеп, қатты шаршағандай болып қалтырауы ағзада кальций жетіспеушілігінің белгісі. Ол әдетте 40 жастан асқан әйелдер де жиі кедеседі.
Емдеу жолы: Бас салып құрамында кальций элементі бар қоспаар іше беру дұрыс емес. Алдымен сүйек тіндерінің беріктігін және ондағы кальций деңгейін анықтау үшін денситометрия (рентгенттік өлшем) жасау керек. Ары қарайғы емді дәрігер тағайындайды.
5. Артроз, артрит
Ауру белгісі: Орта жастағы адамдардан бастап ересектер арасында ең көп кездесетін диагноз. Жүргенде, бір орында ұзақ тұрса аяқ қатты талып ауырады, ондағы қан тамырлары қатайып, қатты ауырады. Бұл ауру қазіргідей ауа-райы құбылмалы уақыттарда қаттырақ сезіледі. Аяқтағы қан тамырлары төңірегі қатты сыздап, ісінуі мүмкін. Мұндай кезде жүрудің өзі қиын болады.
Емдеу жолы: Өз бетінше ем жасау – үлкен қателік. Ревмотолог дәрігерге көрініп, аяқ тамырларын рентгенге түсіру керек. Оған қоса қанның жалпы клиникалық анализін тапсырады. Артроскопия жасату да артық болмас. Бұл ауруды емдеу кешенді түрде жүргізіледі. Әрине, дәрі-дәрмек тағайындалады, оған қоса ортопедиялық ыңғайластыру, физиотерапия қажет. Тұзды, майлы тамақтан бас тартуға тура келеді.
Сілтеме: "Ауырмаңыз!" газеті
аяқ ауруы,аяқ ауырғанда,Көктамырдың кеңеюі,варикоз,Тромбофлебит ауруының белгісі,Эндартериит ауруының белгісі,Остеопороз ауруы,Артроз,артрит,Бөртіп қабыну,Қантты диабет,Артериялық атересклероз,аяқ ауруын қалай емдеуге болады,аяқ қақсағанда не істеуге болады
00:00Амандасу
00:03 Кіріспе
00:38 Көктамырдың кеңеюі (варикоз)
01:08Тромбофлебит
02:02 Эндартерит
03:11Остеопороз
03:41 Артроз, артрит
04:39 Бөртіп қабыну
05:14 Қантты диабет
05:48 Артериялық атересклероз
06:33 Қорытынды

Комментарии