Shyryn Dulat - 'Асыл досыма'

preview_player
Показать описание
Авторы: Асель Алмабекова (армиядағы досы Бекоға арналған)
Асыл досыма
➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Өзіңсіз зулап күндерім,
Әйтеуір мұңмен өтеді.
Алыстан сенің үндерің,
Сағыныш болып жетеді.
Қайтейін енді сағындым,
Сағыныш бүкіл бойды алған.
Бөлмемде жалғыз тарылдым,
Өзің жайлы ойлардан.
Мен үшін қиын шағымда,
Тиіп еді талай көмегің.
Сәл мұңайсам жанымды,
Түсінетін сен едің.
Достықпен адал серттеміз,
Қарайлап жүр өзіңе.
Сағыныш дейтін дертке біз,
Міндеттіміз төзуге.
Жаратқан сендей пендені,
Жаратқанға мың алғыс.
Сен жайлы жүрек тебіренді,
Ех, арамыз тым алыс.
Рекомендации по теме