Әйгерім Аманжолова - Қазақ вальсі

preview_player
Показать описание
Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «Дауыс» республикалық вокалистер байқауы қорытындыланды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Ақтөбе облысының құрметті азаматы", Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Марат Әйтімовтің шығармашылығын насихаттау мақсатындағы сазды сайыстың бірінші кезеңі онлайн форматта өткізіліп, үздіктер іріктелді. Ал екінші кезеңде өнерпаздар қазақ, орыс және шетел композиторларының ариялары мен романстарын орындаудан сынға түсті. Нәтижесінде бас жүлдені ақтөбелік Әйгерім Аманжолова жеңіп алса, I орынды жамбылдық Дінмұхамед Көшкінбаев, өскемендік Мерей Қадырханов, II орынды ақтөбелік Ибраһим Амин, алматылық Аружан Алпысбаева, III орынды қарағандылық Валерий Селиванов, ақтөбелік Динара Таубекова, ақмолалық Қасым Ермек пен ақтөбелік Орысбай Диас иеленді.
Рекомендации по теме