Түркістанда күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп өзенге ағызып жіберген әйелі 15 жылға сотталды

preview_player
Показать описание
---------------------------------------------
Түркістанда күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп өзенге ағызып жіберді деп күдікке ілінген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Қанды қылмысқа барған келіншек 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жантүршігерлік оқиға былтыр тамыз айында болған. 14 жыл отасқан ерлі-зайыпты арасындағы жанжалға тик-ток себеп екен. Яғни, күйеуі жұбайының әлеуметтік желіге видео салуына қарсылық білдірген. Шектеу мен айғайға шыдамаған әйел соңында жолдасын пышақтап, қылмысын жасыруға тырысыпты.
---------------------------------------------

Бүгінгі шығарылымда:

Жанарына жас толған әйел өз күйеуін аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен былтыр тамызда қамауға алынған болатын. Тергеу мәліметінше, актриса болуды армандаған келіншек ән айтқан видеосын тик-токқа салады екен. Бірақ оған күйеуі қарсы болып, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туған. Соңында әйел жолдасын пышақтап, қылмысын жасыру үшін мәйітті бөлшектеп өзенге ағызып жіберген.
СӘКЕН ТҰРҒЫНБАЕВ, Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
– Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі 5 тармағымен 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК 99 бабы 1 бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚК 58 бабы 3 бөлігіне сәйкес жазаларды сіңіру арқылы түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
40 жастағы марқұмның бөлшектенген денесінің жартысы суға кеткен. Туыстары ер адамның басын әлі күнге дейін таппаған. Соттың соңғы отырысына жәбірленуші тарап келген жоқ. 15 жыл жаза арқалаған келіншектің ата-анасы болса қыздарының қанды қылмысқа шарасыздықтан барғанын айтады.
ТІЛЛАЙЫМ МОЛДАБЕКОВА, сотталушының анасы:
– Баласы айтып отыр ғой. Пышақты алып тығасың өзіңе деп. Үшке дейін санаймын сонда менде із қалмайды деген. Сен өзіңе өзің тығасың деген. Мен өзіме өзім тыға алмаймын деп жылаған бұл. Отырғызып қойып үш деп не қылған. Бүйткен кезінде мойнын қырқып жіберген. Әбден зорлық-зомбылықты көрді бұл. Күйеу бала вампир болған. Мынандай жердің бәріне сигарет шегіп алып, жалаңаш жатқызып қойып былай-былай басады екен. Ыстық немен басып тастаған. Ол әбден қорлап бітті.
Әкесінен айырылған 3 бала онсыз да бірнеше жылдан бері нағашыларының қолында болған екен. Үлкені 13 жастағы ұл болса, кішісі 10 жастағы қыз. Оларды бағып отырған нағашы ата-әжесі мүмкіндігі шектеулі жандар. Есту және көру қабілетінен айырылған қариялар жиендерін балалар үйіне жібермейміз дейді. Ал, олардың кімнің қолында қалатынын енді Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі шешеді. Жәбірленуші тарап жеткіншектерді балалар үйіне жіберуді сұраған болатын.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Карапайым адам киси олтирсе бирден уким шыга салады ал Бишембаев сиякты болса сот 1000 жылга созылып сонында акталып шыгады

RDA
Автор

Тик ток, қосылайық, төсектесболайық деген бәленің бәрі жабылсын елімізде

ян-цн
Автор

Алла сақтасын.Өлтіріп қойыпты мақұл...бірақ, денесін бөлшектегенге қалай дәті барды.Құдай өзің сақтайгөр

Қазақбаласы-ьл
Автор

15жыл аз.
Омир бойына жабу керек.
Малдын емес адамнын денесин болшекпеп, суга агызган.Нагыз вампир(маньяк) екен.Ажырасып кетпеди ме, куйеуи жаман болса.Тик токта неси бар, балаларын багып отыруы керек еди.Казирги кыз-келиншектердин тури осындай.

beksultankarimgazhiev
Автор

Сұмдық!
Ашумен, өзін қорғау мақсатында абайсызда өлтіріп қойса ол басқа әңгіме.
Ал мәйітті бөлшектеп, денені суға ағызу үшін адам қандай қатігез болу керек, сұмдық !

ЗейнепАкбердиева-бы
Автор

Иманды болсын! Есті жинайық ағайындар ел аман жұрт тыныш болсын.

ОлжасКалыкулов
Автор

Зорлық көрсе ажырассын.Қанішер қатынға кешірім жоқ.Өлтіргенімен қоймай бөлшектеп суға ағызғаны қылмысын жасыруғой.Өлген адамның артынан не оттап тұр анасы

Мади-фн
Автор

Тик ток қотағыма керек па ?отыр енді түрмеде тик ток деп .

ЖолдасбекЖумаханов
Автор

Өтірік айтып жыламаңыз сенің қызың Вампир екен абайсызда күйеуін өлтірген болса денесін неге бөлшектейді неге суға ағызады

Муслима-АйшаМухаммед
Автор

Жарайды өлтірді, өзі бару керек еді милицияға, міне абайсызда осындай болды деп.Оны суға ағызып, әрине кінәлі!!!

AsemkulIsabekova
Автор

О Жараткан Алла Не болып бара жатыр Тусинбедим Дуниеге келгенимизге Окинип кеттиккой Окиништи Журегим ауырды Бул Омир дым Кызык емес Адамдардын Ниети озгерген Алла сол адамдардын жазасын берсин Алла Тагала барин Корип турады Балаларды Тек Кана Алла Сактасын Кишкентай Периштелерго

Балшекер-фо
Автор

Абайсызда еркек қатынды өлтіріп қоюы мүмкін, еркек абайсызда әйелдің қолынан өлді дегенге сене алмайм.себебі ұрына бергесін ол әйел сол күнді күткен шығар, дайындалып өлтіргенге ұқсайд, шыдамының шегі осыған жетіп жүйкесі жұқарып ессіздікпен денесін бөлшектеген деп ойлайм..

АйгеримИбрашева-рг
Автор

Вся Казахстанская жесть происходит в Туркестане. Что там не так?

МеруертЖартенова-йе
Автор

Алла сақтасын! Бір Аллаға белгілі, әйелдін әке шешесі тым жақсы адамдар екен! Қандай ауыр қайғы екі жаққа да?

А.А-яя
Автор

Арманы орындалды Трилер Актрисасы болды Тұрменің, Тұрменің Торі Құтты Болсын Қаншер Актриса !!!
АЛЛА САҚТАСЫН !!!

Ерлан-ьй
Автор

жүрегі неткен мықты еді, қалай бөлшектеуге дәті барды

JBK_-ilpx
Автор

Блииин отирик. Айуан. Куйеуи өте жуас жақсы жигит еди. Әке шешесин ерте айрылган. Қиыншылық көрген жақсы жигит еди. Екеуинингде 2 турмиси. Бұндай ды бирози истемеген. Ойнасы болган

АйнурУсманова-юф
Автор

Требую принять отдельный закон о защите мужчин от домашнего физического и систематического психологического насилия.

жубанышсмаилов-шч
Автор

Алла сактасын! Колын канга малыганша балаларын ойламадыма екен!болашагы не болмак енди балаларга обал, онданда ажырасканы дурыс еди гой озининде балалардын омирине балта шабуго маскара! Алла сабыр берсин аке-анасына.

НазымЖумабаева-нш
Автор

Телефонды амалсыз қолданамыз негізі бұл құрылғыны жындар басқарады. ...

Алматы-из