filmov
tv
Шымкенттен Шардараға дейінгі шақырымды ұшып өтер күн жақын
![preview_player](https://i.ytimg.com/vi/Lg8kmOgqI-s/maxresdefault.jpg)
Показать описание
Шымкенттен курортты қала Шардараға 20 минутта ұшып баруға болады. Қара күзге дейін осы екі аралықтағы әуе қатынасы қалпына келтірілмек. Бұл мақсатқа облыс қоржынынан 200 миллион теңге қаржы жұмсалмақшы.
Бірінші кезекте ұзындығы 1 жарым шақырым болатын ұшып-қону алаңы толықтай жөндеуден өткізіліп, ескі әуежайдың айналасы қоршалады.
Электр желісі тартылып, қабылдау пункттері салынады. «Билет құнының біршама бөлігі мемлекеттен субсидиялануы мүмкін», – дейді жергілікті әкімдіктегілер. Шардара әуежайынан келешекте Алматы мен Астана бағытында рейстер қойылмақ.
Аудандағы туризмді дамыту мақсатында арнайы бағдарлама қабылданып, теңіз жағалауынан оған 245 гектер жер бөлініпті.
Жергілікті билік осылайша отандық туризмді дамытып, аудан-қала аралық әуе қатынасын жаңғырту арқылы Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Рауан Қошымов, Шардара аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
-Қазір бізде таксилердің өзі 2 мың теңге. Егер самалет 5 мың теңге болса, бұл уақыт жағынан да барлық жағынан халыққа ыңғайлы болады. Туризмді дамытсақ, оның арасында бізге ол жерден көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар салынады. Қала, аудан бюджетіне кіріс келіп, экономикамыз жақсарады деген мақсатымыз бар.

Комментарии