«Құрық» портының жүк тасымалы 4 миллион тоннаны құрайды

preview_player
Показать описание
«Құрық» портының іске қосылуымен еліміздің транзиттік жүк тасымалы айтарлықтай артады.

Жаңа нысан арқылы жылына 4 миллион тонна жүк жөнелтілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Бүгінде Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері жүктерін Кәрі құрлыққа теңіз арқылы жеткізу үшін 45 тәулік шығындаса, «Құрық» порты арқылы бұл уақыт 15 тәулікке қысқарады. Демек Қазақстанның транзиттік жүк тасымалы едеуір артады. Сол арқылы ел бюджетіне қомақты қаржы түсіп, порттың өзінде 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Нысан жыл аяғында пайдалануға берілмек. Қаржыландыру мәселесі оң шешілген

Бақыт Қарсақбаев, «Қазақстан Темір Жолы» Ұк» АҚ филиалының директоры

-Биылға 7 млрд теңге ақша бөліп отыр. Біз енді биыл бірінші пусковойды бітіру үшін жобаға өзіміздің есебіміз бойынша, бізге 21 млрд ақша керек деп есептегенбіз. Енді қазір 7 миллиардтан бөлек тағы 10 млрд ақшаны қарастырып жатыр.
Рекомендации по теме