filmov
tv
Тоқаев «Кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды
Показать описание
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Яғни, енді негізгі заңға сәйкес, президенттің бірқатар өкілеттігі қысқартылып отыр. Ал парламент күшейтіліп, оны қалыптастыру моделі өзгертілмек. Жалпы реформаларды толыққанды жүзеге асыру үшін алты заң қабылданған. Әрі бұдан былай, партия құру да айтарлықтай жеңілдейді. Себебі түзетулердің бірі дәл осы мәселеге қатысты болып отыр. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен «Прокуратура туралы» негізгі заң да тиісті өзгертулермен толықтырылды. Депутаттар болса, бұл түзетулер елдегі саяси жүйені түбірімен өзгертуге мүмкіндік береді деп отыр.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— Ең негізгісі келесі парламент, мәслихат ол мүлдем жаңа принциптермен сайланатын болады. Яғни, жергілікті мәслихаттар, аудандық мәслихаттар халықтың тікелей сайлауымен болады. Облыстық деңгейдегі мәслихаттар халықтың тікелей сайлауымен және пропорционалды жүйе бойынша болады. Және ең негізгісі мәжіліске осы бір мандатты округтен сайланған депутаттар келеді. Олар тәуелсіз депутаттар. Міне, осының барлығы біздің еліміздегі саяси жүйені түбірімен өзгертеді.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Комментарии