Қытайда коронавирус өршіп тұр

preview_player
Показать описание
Қытайда тағы 139 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды. Олардың 136-сы – Ухань, екеуі – Бейжің, біреуі – Шэнь-чжэнь тұрғыны. Ресми мәліметке сүйенсек, дертті 218 адам жұқтырып, 3 науқас көз жұмған. 35-і ауыр халде. 25-сі тиісті ем қабылдап, үйіне қайтарылды. Жалпы жаңа дерттің белгілері тұмауға ұқсас. Вирусты жұқтырған адамдардың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынған. Қазір Қытайда медициналық комиссия құрылып, ауру қоздырғышы зерттеліп жатыр. Бүгін белгілі болғандай Оңтүстік Кореяда осы жаңа типтегі коронавирусты жұқтырған бір адам анықталды. Ол Ухань қаласынан ұшып келген.

«Хабар» әлеуметтік желілерде / «Хабар» в социальных сетях:

Рекомендации по теме