Ғазизхан Шекербек - Мен сені сағындым( текст, сөзі)🎤

preview_player
Показать описание
#қазақшаәндер #қазақша_әндер #lyricsenglish #lyrics #karaoke #karaokesongs #coldplay #lyricssong

1. Қарғам-ау, хат-хабарсыз қайда кеттің?
Сен бәлкім бұлттан асып, айға жеттің!
Өзіңді аңсауменен,
Бақытты болсам деген,
Ойымды ойда жоқта ойран еттің.
Ұзатпай келуші еді құс-хаттарың,
Ұштың да қарлығаштай ұстатпадың.
Күн өтті сағат бойлап,
Арқама қанат байлап,
Артыңнан қуып жетер күш таппадым.

Қайырмасы:
Мен сені сағындым!
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін!
Көрінбей кетердей неә қылдым?
Мен сені сағындым,
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
Кешегі күндермен ауырдым,
Ертеңгі күндерден тәуірмін.
Ал өзің сағындың ба?

2. Айнала шомылғанда ай нұрына,
Аққудай қонбайсың ба айдыныңа?
Мен сені сүйер едім,
Сен мені дүниенің,
Кетсең де айырбастап байлығына!
Көзіңнен түпсіз терең теңіз көрем,
Өзіңнен үмітімді мен үзбегем.
Шөлдесең тілегіме,
Ұядай жүрегіме,
Келерсің көгершіндей жем іздеген.

Қайырмасы:
Мен сені сағындым!
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін!
Көрінбей кетердей неә қылдым?
Мен сені сағындым,
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
Кешегі күндермен ауырдым,
Ертеңгі күндерден тәуірмін

Қайырмасы:
Мен сені сағындым!
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін!
Көрінбей кетердей неә қылдым?
Мен сені сағындым,
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
Кешегі күндермен ауырдым,
Ертеңгі күндерден тәуірмін.
Ал өзің сағындың ба?
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Салем тамаша олен даусын керемет Ханшаим ❤

Ханшаим-
Автор

Маганда осы Олен катты унаиды❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

Беибит-мн
Автор

Кушты кушты 👍🏻 енды агамды сагындым деиын 😅

Муслима-рт
Автор

2:04 2:05 2:06 2:06 2:07 2:07 2:07 2:07 2:08 2:08 2:08 2:09 2:09 2:09 2:09 2:09 2:09 2:09 2:10 2:10

AigerimGani-bx
Автор

Маған осы өлең қатты ұнайды❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

Айша-еэ
welcome to shbcf.ru