Орталық сайлау комиссиясында байқаушылар үшін семинар-тренинг өтуде

preview_player
Показать описание
2006 жылдан бері Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы шет елдердегі саяси науқандарға байқаушы ретінде 1300-ге жуық адамды жіберді. Әртүрлі дәрежедегі 93 сайлау мен 6 референдумда байқаушы болды.

Осы сәтте Орталық сайлау комиссиясында байқаушылардың кезекті арнайы семинар-тренингтері өтуде.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер, сондай-ақ аталған ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груич оларға шетелдік тәжірибе жөнінде мәлімдеп, байқаушылар ескеруі тиіс маңызды мәселелерге тоқталды.

Мирко Гюнтер, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары

-Бүгінгі семинарды біз өзіміздің тұрақты серіктесіміз яғни орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп өткізудеміз. Басты мақсат – білікті байқаушыларды дайындау. Қазақстанның бұл тұрғыда үлкен тәжірибесі бар.
Рекомендации по теме