filmov
tv
Нұр-Сұлтанда «Театр ALL» фестивалі бастау алды (28.10.21)
![preview_player](https://i.ytimg.com/vi/ZMfhILBeC2g/sddefault.jpg)
Показать описание
Сонымен қатар шеберлік-сыныптары, көрмелер ұйымдастырылады. Фестиваль 5 күнге жалғасады. Өнер додасының шымылдығы «Қыз Жібек» операсымен түріледі.
«Жалпы шығармашылықпен, өнермен айналысатын өнер мен театрды сүйетін қауым 1,5 жыл бойы ұсыныс білдірген. Біз бір аптаның ішінде елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай театр апталығын өткізейін деп жатырмыз. Фестивальдің басты мақсаты – еліміздің театр өнерін дамыту және қолдау, тәжірибе алмасу және елорданы Еуразияның рухани орталығына айналдыру», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.
«Мен үшін бұл – үлкен қуаныш. Опера «Қыз Жібек» спектакілінен басталады. Біздің киномыздың экранға шыққанына 50 жыл болды. Әртістеріміз осы киноға түсіп, рөлдерін ойнап, халыққа көрсеткені үшін риза», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова.
Телеканал Алматы в социальных сетях: