Шәмші Қалдаяқовтың әндері - СЫР СҰЛУЫ(Текст/Lyrics)

preview_player
Показать описание
Сөзі: З. Шүкіров
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Жеңіс Ысқақованың орындауында

СЫР СҰЛУЫ әні шығу тарихы туралы

1963 жылы Қызылорда қаласына шығармашылық іссапармен Шәмші Қалдаяқов келді. Ол қонақ үйде тұру­дан бас тартты. Сазгерге облыс­тық мекеменің жас басшыларының бірінің жеке үйіне тоқтау ұсынылды. Ол өзінің ата-анасымен және кіші қарын­дасымен тұратын, бірақ, сазгер бұған еш қысылмады, керісінше, ол бұған қатты қуанды, өзіне қарт адам­дармен әңгімелесудің ұнайтын­дығын және шығармашылық жұмы­сын қа­тар алып жүре алатындығын айтты.

Сазгер үйіне тоқтаған облыстық мекеменің жас басшысы – сол кезде педагогикалық училищенің 2-кур­сында оқып жүрген Зияш Айдаро­ваның ағасы болатын. «Шәмші Қал­даяқов орташа бойлы, арықша кел­ген адам болатын, өзін өте сабырлы, байсалды ұстайтын», – деп еске алады ол.

– Мен оның ән жазайын деп жүргенін кейіннен түсіндім. Өйткені, оған адамдар ағылып келетін, жері­міздің көрікті табиғатын, егін жинау науқанына дайын орасан зор күріш алқаптарын көрсететін. Шәмші Қал­даяқов 16 күрішші-бойжеткеннен тұратын жастар тобымен, ақын Зей­нолла Шүкіровпен кездесті, Сыр­дария өзенінің жағасында оның әсем көркі мен айбынды ағынын тама­шалап, көп тұратын.

Аңсатса Сыр өңірі,

Ән тербер жүрегімді,

Өзіңнен туған ұлың айналсын.

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін,

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың?

Сондай күндердің бірінде сазгер пианинода бір әуенді ойнай бастады. Ас үйді жинап, ыдыс-аяқты жуып жүріп, мен ойламастан, жайлап есті­ген әуенімді ыңылдап айта бастадым. Кенеттен Шәмші Қалдаяқов мені өзіне шақырып алып, былай деді: «Сен қазір ғана айтқан әуеніңді айтшы». Мен сасып қалдым, және «ол құлағы үлкен болғандықтан менің әнімді естіп қойды ма?» деп ойладым. Мен үндемедім. Сонда ол былай деді: «Мен қазір ойнаймын, ал сен әуенді қайтала, жақсы ма?». Мен әуенді қайталаған кезде, сазгер пианиноға сөздерімен парақты қойды да, былай деді: «Ал енді бұл әнді сөздерімен айтып көр». Педучи­лищеде бізге музыкалық сауатты­лық­тан сабақ өтетін, мен ноталарды білетін едім, осы жолы соның пайдасын көрдім. Басында мәтінімен бірге әнді айту қиын болды. Алайда, үшінші ретте мен әнді сөздерімен бірге толық айтып шықтым. Ән дайын болды. Демек, Шәмші Қал­даяқов бұл әнді жылдам, бір күннің ішінде жазып шыққан болды ғой.

Сазгер пианиноны жауып, қағаз­дарын жинады да, менен былай деп сұрады: «Сенің уақытың бар ма? Менімен бірге әнді жазуға бара ала­сың ба?» Күтпеген жерден қойылған бұл сұраққа мен: «Иә, уақытым бар, бара аламын» деп жауап бердім. Сазгерді радиода мекеме қызмет­керлері және жаңа әнді орындау үшін арнайы шақырылған әнші күтіп отыр екен. Алайда, тағдыр басқалай шешті. Ал келесі күні «Сыр сұлуы» әні облыстық радио бойынша тұңғыш рет орындалды. Алғашқы орындау­шысы – Зияш Айдарованың теңдесі жоқ, шабытты орындауында айтыл­ды және лезде республиканың миллион­даған адамдарының ең танымал және сүйікті әніне айнал­ды....

Толығырақ:
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Ән тартихын біліп тыңдаған ерекше әсер береді.
Өзбекәлі Жәнібек және Мәдени Майдан

abzalabzal
Автор

Керемет ән рахмет А О Семей қаласы нан Сәлем достар

meiram_
Автор

Шамші, дей композитор өмірғе келген мәңғі калад жас ұрпактың жасы келген кариялардың жұрегінде, сондай. әсем. әндері ұмытылмасын еш кашан, рахмет

sarabekeniva
Автор

Пай пай керемет ән тамаша орындау рахмет өркендей бер өркенің өсін

МейрамКусаинов-ээ
Автор

Жанды бірден тербеп кетіп тұрғо шіркін🥰

ЗауреУттибаева-жх
Автор

Люблю Женис Искакову за её обалденное исполнения песен Шамши. С душой! Кашакша! Женис Рахмет!

ДинаЖакенова-щй
Автор

Керемет əн "Сыр сұлуы."тамаша

temirkaparob
Автор

СЫР СҰЛУЫ

Жайраңдап жазда ағатын еді,
Есімде қайран Сыр сұлу.
Таңертең сонда баратын еді,
Толқынға құмар бір сұлу.

Қайырмасы.
Аңсатса Сыр өңірі,
Ән тербер жүрегімді,
Өзіңнен туған ұлың айналсын.
Жайқалған ақ күрішің,
Жаралған шаттық үшін,
Қайран сол, Сыр сұлуы, қайдасың?!

Тұрғандай қарап толқынды Сырға
Бір сұлу әсем жан сыры.
Сәуле боп ойнап жатқандай суда
Көзінің ерке жарқылы

Қайырмасы.

Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан
Толқынды шашын күн қағып?
Қала ма қарап жағада тұрған,
Күріштің басы ырғалып?!

Қайырмасы.

Сыр бойы түгел сол қызды мақтап,
Жігіттер әнін шертеді.
Тізілген тісі күріштей аппақ,
Сырдан да жаны ерке еді.

Қайырмасы.

temirerkin
welcome to shbcf.ru