Приём заявок по программе «Бақытты отбасы». Мнение эксперта

preview_player
Показать описание
Тема: Приём заявок по программе «Бақытты отбасы».

Эксперт: Жанар Изимбетова заместитель директора Центрального филиала ЖССБ.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мен төрт балалы, жалғызбасты анамын . Екі балам есейген, жұмыс істейді, екі балам мектеп жасында . Бірақ екі есейген балаларым бөлек тұрады, олар үйленіп, тұрмысқа шыққан, Мектептегі 2 баламмен мен пәтер жалдап тұрамын Алматы қаласында. Өзім жедел жәрдем подстанциясында еден жуушымын . Менің айтайын дегенім : осы тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақы дегенді қалайша өз үйі бар отбасыларға қолжетімді да, өз үйі жоқ адамдар үшін қолжетімсіз етіп жасап қойған . Өйткені жалдап тұрған пәтер иесі бізді тіркегісі келмесе не істей аламыз? Кінәміз не?Сол үшін мен сияқты талай өз үйі жоқ адамдар жәрдемақыға қол жеткізе алмай, өте жағдайы төмен отбасылар қиналып жүр ғой . Неге әкімшіліктегілер халықтың тұрмыс жағдайын үйлерді аралап жүріп зерттеп көрмейді ? Жайлы конторларында отырып алып, дайын тізіммен ғана бұрыннан берілетін адамдарға ғана үсті - үстіне беріле береді . Ал одан да мұқтаж қаншама адамдарды неге көрмейді. Ең құрығанда мектептегі 2 балама тегін тамақ та бұйырмай тұр. Олар ұзақ уақыт сабақтан қатты ашығып өлейін деп келеді, бірақ мен оларға бір тиын да бере алмаймын, өйткені менің жағдайым көтермейді. Бірақ та менің табыс көзім 1000-2000тенге асып кетіп тұр екен менің кіріс көзім.
Әр түрлі тағдыр сынағымен адам жалғызбасты болып қалады ғой, ешкім жетіскенінен ажыраспайды . Жолдасым араққа өте қатты салынғаннан ажырастым, 13 жыл бұрын, ешқандай да әдейі өкіметтен бірдеңе пайда қылу үшін емес . 16000 теңге көлемінде алимент аламын 2 балама . Неге осы жалғызбасты аналарға заңды кішкене басқаша қарастырмайды.Қатып қалған тіркеу сұрайды . Пәтер егесінің ұяты біледі оны тіркегісі келмесе не істейміз енді . Біз інімнің үйіне тұрақты тіркелгенбіз, бірақ ол үйдің барлық кірісін тапсыруым керек екен . Бұл не деген күлкілі заң еді, мені жай ғана үйіне тіркеп қойды ғой, бірақ олар менің отбасымды асырауға міндетті емес қой . Менің қазір карантин басталғалы аяғым шығып жұмысқа жарамай отырмын . Карантин біткен соң цонға бардым, өйткені менің қазір күнкөрісім бұрынғыдай емес қой деп ойладым больничный деген айлық алғандай болмайды ғой . Сөйтсем үй егесі мені уақытша тіркеуге қоюы керек екен.Бұл қандай - қандай заң болғаны ?
Телелидардан 31каналдан көрсетілетін халықтың мұң, -мұқтажына көмектесіп, сауапты іс жасап жүрген бағдарлама бар. 12 мамыр күнгі көрсетілімінде Гүлшат деген бір келіншектің мәселесін көрсетті. Ол келіншекті 3 баласымен күйеуі тастап кетіпті. 2 баласы да ауру болып туылыпты. 3 баласымен біреудің моншасында тұрады екен.
Балаларын сыртынан құлыптап кетіп, 2 жердің полын жуып келеді екен. Бұл жағдай да тура бес сәбиі бірдей өртеніп кеткен жағдай сияқты болып тұр ғой. Әлгі келіншек жағдайын айтып жылап тұрып көмек сұрағанда, оны көрген бәріміз де жүрегіміз ауырып жыладық.
Ол келіншек те өзүйі жоқ болғандықтан, тіркеуі жоқ болғандықтан және 4 баладан көп баласы болмағаннан ешқандай да жәрдемақы алмайды екен.
Қоғамда осы сияқты әртүрлі тағдыр тауқыметімен қиналып жүрген аналар көп қой. Олардың үйі қайдан болсын немесе сол аналардың барлығы бірдей көпбалалы емес қой. Неге осыған байланысты жалғызбасты аналар үшін заңды кішкене басқаша қарастырмайды.
Өйткені балаларды жалғыз өсіріп жетілдіру де оңай емес немесе пәтерақысына қанша ақша кетеді дегендей.
Бұл келіншек қаншама рет әкімшіліктің алдына көмек сұрап барсам да мені күзеттегілер ішке кіргізбей әкім жоқ, тағы бірдеңе деп кіргізбейді дейді. Камерадан әкім көріп шақыра ма деп үміттенемін. Бірақ кіргізбейді деп жылады.Бұл дегенің біздің елдің билігін бұндай нағыз қиналған кедейлердің мәселесі қызықтырмайды деген сөз. Бір Жаратушы Алладан медет сұрағаннан басқа қолымыздан не келеді мұндай жағдайда.

АкнурЕликбай-юй
Автор

Странная у государства трактовка понятия малоимущие семьи. Почему то я не попадаю в эту категорию, хотя доход на члена семьи у нас с женой составляет в среднем 35-40 тыс. тенге. На 35 тыс. снимаем жильё, а на остаток пытаемся жить. Ещё и пособие в связи с ЧС зажали.

rasulgazmatov